БАҚ біз туралы

Жаңа гуманитарлық білім: Қазақ тіліне аударылған 100 жаңа оқулық таныстырылды
22 қыркүйек 2021 ж.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кеңейтілген мәжілісінде қазақ тіліне аударылған 100 жаңа оқулық таныстырылды.

«100 жаңа оқулық» жобасы қазақ тілінің ғылыми әлеуетін арттырды – Қырымбек Көшербаев
22 қыркүйек 2021 ж.

Елордада ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кеңейтілген мәжілісі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Қызылжар Абай мектебі Абайдың «толық адам» концепциясына сүйенеді
20 шілде 2021 ж.

Бастамашыл, жаңашыл азамат Рауан Кенжеханұлының Солтүстік Қазақстан облысындағы бір мектепті мүлде жаңаша құру ісіне білек сыбана кірісіп кеткенін естіп, сүйсініп қалдық. Білім саласындағы үлкен бастамалары өз алдына, соңғы төрт жылдың бедерінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Рауан бастаған команда «Қазақ тіліндегі гуманитарлық 100 жаңа оқулық» жобасын сәтті іске асырды. Бұл қазақ тілінің ғылым тілі ретінде дамуына ерекше үлес қосқан жоба болды. Енді, міне, білім беру саласындағы сан түрлі бастамасына заманауи үлгідегі жаңа мектеп те қосылып отыр. Р.Кенжеханұлын сөзге тартып, Қызылжар Абай мектебі туралы сұрап білдік.

Ұлттық мектеп моделі, онлайн білім және 100 жаңа оқулық – Рауан Кенжеханұлымен сұхбат
28 сәуір 2021 ж.

Біздің бүгінгі спикеріміз еңбек жолын қоғамдық ұйымда координаторлықтан бастап,  бүгінде еліміздегі ең үлкен электронды білім беру платформасының директоры болған кәсіпкер – Рауан Кенжеханұлы. Azattyq Rýhy тілшісі Гарвард түлегімен Қазақстандағы оқу жүйесі, білім саласында үлкен компания құрудың қыр-сыры мен шетелге кетіп жатқан білікті жастар мәселесі туралы әңгімелесті.

Қытай философиясы қазақ тілінде
25 ақпан 2021 ж.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында отандық гуманитарлық ғылым-білім саласының дамуын көздеген Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзекті шараларға бастау болған ауқымды мәселені баяндағаны белгілі. Елбасы егемендігімізді қорғап-сақтау үшін заман талабына сай біліммен, әлемдік ғылыммен, уақыт ағымымен қарыштап жатқан технологиялармен қарулану қажет екенін атап көрсетті. Жаһандану заманында күрделеніп, өзгеріске енген қоғамдық қатынастарға байланысты келбеті өзгерген көпқырлы дүние талабына төтеп беретін озық дүниетаным, өмір сырын ұқтыратын заманауи сапалы білім қажет. Сапалы білім дегеніміз – сапалы оқулықтар мен оқу құралдары. Фың Юләннің «Қытай философиясының қысқаша тарихы» еңбегі осындай туындылардың қатарында.

Философиялық еңбектерді қазақ тілінде сөйлеткен ғалым аударма жобасы туралы айтты
03 ақпан 2021 ж.

Философия ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Гүлжиһан Нұрышевамен сұхбат.

Гуманитарлық білім беру саласында концептуалды ойлау жүйесін жетілдірді
21 қаңтар 2021 ж.

Бүгінде әлемнің үздік 100 оқулығы қазақ тіліне аударылды. Бұл аударма жұмысы мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір бағыты − «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында жүзеге асты, деп хабарлайды Egemen.kz

 

«100 жаңа оқулық»: тарихи еңбектерді қазақ тіліне аударған ғалым аударма кезіндегі қиындықтар туралы айтты
15 қаңтар 2021 ж.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бөлім меңгерушісі Гүлжауһар Көкебаевамен сұхбат

«100 жаңа оқулық» жобасы аударма саласындағы жаңа ізденістерге жол ашты – Әсет Құранбек
12 қаңтар 2021 ж.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір бағыты – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында әлемнің таңдаулы 100 оқулығын аудару ісі межесіне жетті. Әр оқулық 10 000 данамен басылып, еліміздегі 130 университетке таратылды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Серік Нұрмұратов: «100 жаңа оқулық» жобасы ғылыми ортаға үлкен жаңалық әкелді
11 қаңтар 2021 ж.

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аудармашы мамандар мен ғалымдар, жоғары оқу орны оқытушылары бірлесе отырып, әлемнің 100 оқулығын қазақ тіліне аударды.  «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы – Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бағыттарының бірі. Аталған жоба аясында бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең үздік деген университет оқулықтарын түрлі тілдерден қазақ тіліне аудару міндеті жүктелді. Бұл жұмыс үкіметтік емес және коммерциялық емес «Ұлттық аударма бюросы» деп аталатын қоғамдық қордың негізінде ұйымдастырылды.
 

Бағлан Мизамхан: «100 жаңа оқулық» жобасы қазақ, ағылшын тілдерін жетік білетін білікті мамандардың басын қосты
06 қаңтар 2021 ж.

2020 жылы мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында әлемнің маңдайлы университеттерінің оқу бағдарламасына енген 100 үздік оқулығын қазақ тіліне аудару жобасы өз межесіне жетті. Әр оқулық 10 000 данамен басылып, еліміздегі 130 университетке таратылды, деп хабарлайды Egemen.kz

 

 

Жеке қаражатты басқаруға арналған алғашқы қазақтілді кітап жарық көрді
30 желтоқсан 2020 ж.

Бұл «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында Ұлттық аударма бюросы тәржімалаған Томас Гарман мен Рэймонд Форгтың еңбегі.
 

«100 жаңа оқулық» жобасын «Жаңа білім» деген атаумен жалғастыру ұсынылды
03 желтоқсан 2020 ж.

Сенатор Мұрат Бақтиярұлы үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры айналысып жатқан ғылыми және көркем әдебиеттің аударма ісін жалғастыруды сұрады.
 

Жақсы жоба жолда қалмасын
25 қараша 2020 ж.

Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы еліміздің білім беру жүйесіне ғана емес, ғылымның дамуына да елеулі ықпал етті. Көпшілік оқырманға, оның ішінде жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасай алған, айналдырған үш жылда отандық әдебиет пен өнер саласына үлкен бетбұрыс әкелген мазмұнды жоба енді қарқын ала бергенде, тоқтап қалуы мүмкін.

 

Рауан Кенжеханұлы: Ұлттық мектептің жаңа үлгісі қажет
27 қазан 2020 ж.

«Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры ұлт руханиятына серпіліс әкелер көптеген ірі жобаларды жүзеге асыруда. Қазақ оқырмандарын дүниежүзілік әдеби процеспен таныстыруға бағытталған кітаптарды аударумен қатар, төл шығармаларымызды әлемдік аренаға шығаруға сүбелі үлес қосып жүрген қор директоры Рауан Кенжеханұлымен Абай туындыларының тәржімалану барысы мен аударма саласының қоғамдық жүйеге ықпалы жөнінде әңгімелестік.

Абай туындылары әлемнің 10 тіліне аударылды
27 қазан 2020 ж.

Биыл Абайдың 175 жылдығына орай ұлы ақынның шығармалары әлемнің 10 тіліне аударылды.

Абай алман тілінде
23 қазан 2020 ж.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты бағдарламалық мақаласында: «Ақын шығармалары тек қазақтың ғана емес, бүкіл адамзат баласының рухани өмірін жан-жақты байыта алады. Өйткені Абай туындыларының мазмұны жалпыадамзаттық құндылықтарға толы», – деген болатын. Бұл ретте, Абай мұрасын халықаралық деңгейде танытуды күшейту тапсырылған еді. Абайды әлем жұртына өз деңгейде таныту, оны жаңа Қазақстанның бренді ретінде кеңінен насихаттау – бүгінгі ұрпақтың қастерлі борышы. Ал әлемге танытудың жолы – көркемдік деңгейі жоғары, жақсы аударма. Абайды өзге ұлт тілдерінде таныта білу – аудармашының міндеті. Ақынның әлем тілдеріне аударылған әдеби мұрасына баға беріп, ғылыми тұрғыдан саралау зерттеушілердің жұмысы. Бұған дейін Абай шығармаларының орыс тіліне аударылуы әртүрлі деңгейде зерттелгенімен, оның ағылшын және басқа да әлем халықтарының тілдеріндегі аудармасы салыстырмалы түрде жүйелі, арнайы зерттелген емес.

 

Жапония Парламентінің Спикері: Абаймен танысу жапондарды Қазақстанмен жақындастырады
13 қазан 2020 ж.

Токио, 2020 жылғы 12 қазан – Жапонияның саяси, мәдени және қоғамдық топтарының, сондай-ақ дипломатиялық корпустың қатысуымен қазақ ақыны және ағартушысы Абай Құнанбайұлының жапон тілінде алғашқы рет шығарылған шығармалар кітабының тұсаукесері өтті.

Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Рауан Кенжеханұлын қабылдады
02 қазан 2020 ж.

Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Рауан Кенжеханұлын қабылдады. Қазақстан Президентіне Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған іс-шаралар аясында берілген тапсырма бойынша ақын шығармаларының он тілге аударылғаны жөнінде есеп берілді.

Аударма бюросы. Алтын көпір
24 қыркүйек 2020 ж.

Қазіргі аударма саласындағы олқылықтарды толықтырып, әлемдік сұранысқа ие кітаптарды ана тілімізге аударып жатқан «Ұлттық аударма бюросының» осы саладағы атқарып үлгерген істеріне сүйінішпен қараймыз. Бюро осыған дейін «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында ұлт оқырмандарына қажетті көптеген кітаптарды тәржімалап, дайындады. Жақында осы орталық кинотану, сценарий жазу, театртану, музыка тарихы мен өнертану бағытындағы оқулықтарға басымдық беріп, тағы 30 оқулықты баспадан шығарды. Аударылған кітаптар мен аудармашы кәсібінің жауапкершілігі төңірегінде «Қазақ әдебиетінің» тілшісі аудармашы-редакторлармен аз-кем сұхбат құрды.

100 жаңа оқулық: 77 оқулық аударылып, ЖОО кітапханаларына таратылды
23 қыркүйек 2020 ж.

Бағдарлама қонағы – Рауан Кенжеханұлы, «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры

«100 жаңа оқулық»: 3-кезеңде шығармашылық бағыттағы оқулықтар көп аударылды
15 қыркүйек 2020 ж.

Бағдарлама қонағы – Рауан Кенжеханұлы, «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры

 

Заманалар көшіндегі музыка
09 қыркүйек 2020 ж.

«Ең әуелі сөз болған» дейді ғой. Сол сөздің өзі ғажайып үнмен төгіліп, сыңғыр ете қалған шығар-ау! Сонау заманалар қойнауына үңілсеңіз қай халық та, қай өркениет пен алып империялар да соңына таңғажайып мұрасын қалдырып кетіп отырған. Адам ­баласы жүріп өткен әрбір жолда, сүрлеуде, соқпақта, «ойлы-қырлы жерлердің» барлығында тылсымға толы әуенін қалдырып кеткендей. Байырғының арманы мен аңсарын, болмысы мен бітімін, мұраты мен мақсатын ұққыңыз келсе, оның әуеніне құлақ қойыңыз. Олар ойлап тапқан музыкалық аспаптардың құрылысына, саз төгілген сипатына назар аударыңыз... Біздің бұлай кең шалқар дүниені барлай қарап, оның әуезіне құлақ қоймаққа ұмтылуымыздың себебі бар. «Ұлттық аударма бюросы» ағылшын тілінен аударып, баспаға әзірлеген «Әлем музыкасының тарихы» кітабы қолымызға тиген еді. Белгілі музыкатанушы Филипп Больман құрастырған жинақта арғы-бергі халықтардың музыка тарихы егжей-тегжейлі қатталып, тәпсірленіпті.

Абай 175 жыл: Ұлы ақынның шығармалары әлемнің он тіліне аударылды
20 тамыз 2020 ж.

Абай Құнанбайұлының шығармалары әлемнің он тіліне аударылып, кітап болып әзірленді. Айта кетерлігі, ойшылдың туындылары жапон, неміс және испан тілдеріне алғаш рет аударылып отыр. Ақынның 175 жылдық мерейтойы аясында мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған ауқымды жобаға 70-тей маман тартылған. Жинақтың ерекшелігі мен оның қашан оқырман назарына ұсынылатынын Almaty.tv тілшісі айтсын.

Қазақ тіліне аударылған кезекті 30 оқулық таныстырылды
13 тамыз 2020 ж.

Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір бағыты – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылып басылған жаңа 30 оқулықтың таныстырылымы Орталық коммуникациялар қызметі негізінде өтті, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Рауан Кенжеханұлы: Абай шығармаларын зор ықыласпен аудардық...
13 тамыз 2020 ж.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «10 тамыз – Абай күні» деп аталғаны белгілі… Заманалар қойнауынан жеткен баба ұрпақтың дауысын естиік десек, олар ұмтылған арман-мақсатты көргіміз келсе, солардың жүріп өткен жолына үңілеміз. Кәрі тарих деп ат қойған байырғының сүрлеуіне қараймыз. Күллі халықтың айтқаны мен көңіліне тоқыған білімін ел мен елді, заман мен заманды жалғап тұрған тұлғалардың қалай жеткізгеніне қарап бағалаймыз. «Қазақтың бас ақыны – Абай. Онан асқан бұрын-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» деген Ахмет Байтұрсынұлының сөзіне ден қойсақ, бұрынғы мен бүгінгінің алтын аралығында тұрған аяулы тұлғаның байырғыға да, бүгінгіге де, болашаққа да етене жақындығы байқалады.

Абайдың шығармалары әлемнің 10 тіліне аударылды
11 тамыз 2020 ж.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұлы ақын, ойшыл, ағартушы шығармалары әлемнің 10 тіліне аударылды. Олар: ағылшын, араб, қытай, испан, итальян, неміс, орыс, түрік, француз және жапон тілдері. Аударма жинақтарға ақынның 145 өлеңі, 3 поэмасы мен 45 қара сөзі кірді.

«Абай» телеарнасының «Сарасөз» бағдарламасы
22 шілде 2020 ж.

Қазіргі таңда ұлы ақынның шығармалары он тілге аударылып жатыр. Атап айтқанда, Абай еңбектері ағылшын, араб, жапон, испан, итальян, қытай, неміс, орыс, түрік, француз тілдерінде басып шығарылады

Сәкен Сыбанбай: Кеңес дәуірінде қалыптасқан аударма және редактура мектебін үзіп алдық
03 маусым 2020 ж.

2018-2019 жылдары «100 жаңа оқулық» жобасы аясында «Ұлттық аударма бюросының» атсалысуымен 47 оқулық жарық көрді. Бүгінде 30 жаңа оқулық аударылып, баспаға ұсынылды. Жаңа кітаптардың жай-жапсары мен жалпы аударма процесі жөнінде «Ұлттық аударма бюросының» редакторы, жазушы-журналист Сәкен Сыбанбайдан сұрап-білдік. Мархабат!

«Ақ сөйле, Азамат» бағдарламасы
27 мамыр 2020 ж.

Бағдарлама қонағы: Рауан Кенжеханұлы – Ұлттық аударма бюросының атқарушы директоры

«Балалардың сұрағы жауапсыз қалмауға тиіс»
19 мамыр 2020 ж.

Бұзақы балалардан қалай қорғанамын? Жұрт мен туралы не ойлайды? Уайымнан қалай арылуға болады? Бұл сұрақтар көп баланы мазалайды. «Ұлттық аударма бюросы» және Bilim Foundation қоры бірлесе отырып, Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен осы сауалдардың жауабын табуға көмектесетін балалар мен жасөспірімдерге арналған «Денсаулық және өмірлік дағдылар» деп аталатын кітаптар сериясын шығарды. Топтама туралы «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының директоры Рауан Кенжеханұлы Baribar.kz тілшісіне айтып берді.

Жаңа филиал
03 наурыз 2020 ж.

ҚазҰУ-дың Шетел филологиясы мен аударма ісі кафедрасы мен «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Меморандум негізінде Ұлттық аударма бюросынан шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының филиалын ашу туралы бұйрыққа қол қойылды.

Алматыда БҰҰ-ның 6 тіліне аударылған қазақ әдебиеті антологиялары таныстырылды
14 ақпан 2020 ж.

«Достық» үйінде «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында БҰҰ-ның 6 тіліне аударылған қазақ әдебиеті антологияларының таныстырылымы өтті.

Рауан Кенжеханұлы: Дамыған елдер, озық қоғамдар ең әуелі мазмұнымен алда
31 желтоқсан 2019 ж.

– Рауан Кенжеханұлы, «100 жаңа оқулық» жобасының бүгін­ге д­ейін жет­­кен жетістігі һәм бол­а­шаққа жос­пар­­ланған бағ­да­ры турасында айтып өтсеңіз. Соңғы бір жылда нақты қандай жұ­­мыс­­тар атқарылды?

– «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бас­талғалы үш жылға таяу уақыт өтті. Жо­ба­ның мақсаты – гуманитарлық бағыттағы әлем­­нің ең жақсы деген оқулықтарын ауд­а­­рып, еліміздің барлық жоғары оқу орындарына жеткізу, сол арқы­лы гу­ма­ни­­­­тарлық білім мен ғы­лым­ның маз­мұнын жа­­ңарту. Осы аралықта 47 оқулық ауда­­ры­лып, 132­ оқу орнына таратылды. Олар – философия, әлеуметтану, психоло­гия, тіл білімі, дінтану, тарих, әдебиет және өн­ер­­тану, құқық, саясаттану, эконо­ми­ка мен кә­сіпкерлік, менеджмент пен мар­­­­ке­тинг, медиа мен журналис­ти­ка сала­ларын қамтиды. Оқу­лық­тарды елі­­­міз­дің жоғары оқу орын­­дарының оқы­­­­ту­шылары мен ға­лым­дары ұсы­на­­ды. Бұл – негізінен дүние­жүзінің маң­­дайалды универ­си­теттерінің оқу бағ­да­рл­ама­ла­­рына кірген, әлемге танымал ға­­­лым­­дар­­дың миллиондаған данамен тарал­ған кітаптары. Атап айтсақ, Энтони Кен­ни­дің «Батыс фило­софиясының тарихы», Джор­дж Рицердің «Әлеуметтану тео­рия­­­сы», Эллиот Аронсонның «Көп­­ке ұм­тылған жалғызы», Ка­рен Армстронгтың «Құ­­дай­тану баяны», Эрнст Гомбрихтың «Өнер тари­хы», Грегори Мэнкьюдің «Эко­­но­миксы», Филип Котлердің «Мар­­­ке­­тинг негіздері» және басқа да атақ­ты ғалымдар мен автор­лар­дың танымал оқулықтары ауда­рыл­ды.

 

 

 

Рауан Кенжеханұлы: Білім беру саласы уақытпен бірге жылдам өзгеріп отыруы қажет
19 желтоқсан 2019 ж.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған маңызды жобалардың бірі – «100 жаңа оқулық». Қазақ жастарына өз тілінде терең білім алуға жол ашуды көздеген жобаның арқасында еліміздің оқу орындары гуманитарлық білімнің түрлі бағыттары бойынша әлемнің ең үздік 47 оқулығына қол жеткізіп үлгерді. Бұдан бөлек, аталған жобаны жүзеге асырып жатқан «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры қазақ әдебиеті жауһарларын әлемнің негізгі 6 тіліне аудару ісін де зор жауапкершілікпен қолға алған. Алайда соңғы уақытта қордың жұмысына сын көбейіп, мемлекет бөлген қаражаттың мақсатты жұмсалғанына күмән келтіргендер болды.  Мәселенің мән-жайын «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенже­ханұлынан сұрап білген едік.

9000-ға жуық сөзді қамтыған «Қазақ тілінің кірме сөздер сөздігі» жарыққа шықты
06 желтоқсан 2019 ж.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ұлттық аударма бюросының үйлестіруімен «Қазақ тілінің кірме сөздер сөздігі» мен Оксфорд сөздіктері («Әлеуметтік ғылымдар сөздігі», «Экономика сөздігі») жарыққа шыққан еді. Сөздікті шығаруға сала мамандары мен беделді ғалымдар, тіл мамандары атсалысты. Осыған орай «Қазақ тілінің кірме сөздер сөздігін» құрастырушы топқа жетекшілік еткен, филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлымен сұхбаттасып, жоба жайлы сұрап-білген едік.

«Әдебиет теориясы»: ота үстіндегі арудың жүрегі
26 қараша 2019 ж.

«Ұлттық аударма бюросы» биыл «Әдебиет теориясы» атты 5 томдық кітапты аударған болатын. Әлем әдебиетін жаңаша талдау мен оқытуды мақсат еткен авторлардың бұл кітабы қазір әлемде ерекше сұранысқа ие оқулықтар санатында. Кітапты толықтай оқысаңыз, әдебиетті талдау мен түсінудің, оқу мен оқытудың жаңа методикасына жолығасыз. Авторлар әлемдегі үздік әдеби мақалаларды жинақтап, оны арнайы тақырыптық бөлімдерге бөле отырып, мақалалар жүйесіне сай келетін танымал шығармаларды бірге талдайды. Авторлар мен оқырман дискурсқа, ой таласына жүгінеді. Біз бүгін осы кітаптардың жауапты шығарушысы, белгілі ғалым К.Матыжановтың «Әдебиет теориясы» туралы мақаласын ықшамдап ұсынып отырмыз. «Қазақ әдебиетінің» оқырмандарына қажетті танымдық мақаланың мәні мен маңызы зор деп ойлаймыз.

Каирде заманауи қазақ әдебиетінің араб тіліндегі антологиясы таныстырылды
18 қараша 2019 ж.

17 қараша күні Каирдегі Мысыр мәдениет істері жөніндегі жоғарғы кеңесінде қазіргі қазақ поэзиясы мен прозасы антологиясының орыс тіліндегі нұсқасының тұсаукесері өтті. 

Парижде француз тілінде қазақ әдебиетінің антологиясы таныстырылды
01 қазан 2019 ж.

30 қыркүйекте Париж бірінші округінің мэриясында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында аударылған және жарияланған қазіргі қазақ прозасы мен поэзиясы антологиясының тұсаукесері өтті. Француз тіліндегі қазақ әдебиеті жинақтарын аудару және басып шығару жобасы Париждің бірінші округінің мэриясы мен елордалық мәдени қауымдастықтың қолдауымен жүзеге асырылды.

Лондонда қазақ әдебиетінің ағылшын тіліндегі антологиясы таныстырылды
25 қыркүйек 2019 ж.

Заманауи қазақ әдебиетінің ағылшын тіліндегі антологиясы Британия кітапханасында таныстырылды. 25 қыркүйекте Британия кітапханасында (Лондон, Ұлыбритания) қазіргі қазақ поэзиясы мен прозасы антологиясының ағылшын тіліндегі нұсқасының тұсаукесер рәсімі өтті.

Өнер және дүние тарихы
11 қыркүйек 2019 ж.

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы негізінде аударманың екінші толқыны – 30 кітап тасқа басылып, еліміздегі 130 университеттің кітапханаларына таратылды. Тасқа басылғаны өз алдына, оқулықтардың электронды нұсқасы әзірленіп, Қазақстанның ашық университеті – OpenU.kz платформасына және Қазақстанның ашық кітапханасы – kitap.kz сайтына жүктелді. Педагогика, әдебиет ­теориясы, мәдениеттану, маркетинг, стратегиялық менеджмент, адам ресурстарын басқару, халықаралық бизнес, әлемдік нарықтағы бәсеке мен халықаралық бизнестің құқықтық ортасын талдап түсіндіретін оқулықтардың қазақ студенті мен оқырманына берері мол. Сол кітаптың арасында екі оқулықты: Эрнст Гомбрихтың «Өнер тарихы» мен америкалық ғалымдар Росс Данн мен Лора Митчелдің «Panorama: Дүниежүзі тарихын» кеңірек таныс­тырып өтсек…

«100 жаңа оқулық»: Тілдік танымды арттыратын төрт кітап
27 тамыз 2019 ж.

Ең көп қолданыстағы тіл – ағылшын. Ендеше, ғылым мен білімнің қайнар көзі де осы тілде жатыр. Кез келген ғылыми жұмыс, жаңалық, зерттеулер бірінші ағылшынша жарық көреді. Сондықтан болар, оқу-білім іздегеннің бәрі мұхит асуға құлықты. Алайда сол білімді елде жүріп, ана тілімізде алуға мүмкіндік пайда болса ше?! Жеті құрлықты аралаудың әсте қажеті болмай қалады. Әрине, ел жастарын жат жерге жібермеу үшін мемлекетте сапалы білім алуға жағдай жасалуы тиіс. Соның бастамасы әлемдік бестселлерлерді қазақша сөйлету. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындаған тың бастама осындай маңызға ие. Десе де, «100 жаңа оқулық» жобасы талапты жастарды шетелге жібермей, сыртқа кететін миллиондарды қазынада қалдырып сараңдыққа бару деген сөз емес. Бұл қазақ баласының барлығы бірдей әлемдік білімді бойларына сіңіріп, ғаламшардағы ең құнды әрі қолжетімсіз оқулықтармен таныстыру. Өйткені, кәсіби білімнен гөрі жастардың көкірек көзі ояу, пайым-парасаты жоғары болғаны жөн. Сонда ғана елдің келешегі кемел, ғұмыры баянды болмақ. Елбасы аталған бастама бойынша ең бірінші саясаттану, тарих, әлеуметтану және философия, мәдениеттану, психология мен филология ғылымдарында оқып жүрген жастарға толыққанды білім беру қажеттігін айта келіп, осы салаларға жан бітіретін 100 кітаптың аударылуын тапсырды. Осы ретте, El.kz интернет-жобасы қазақ тіліне аурдарылған лингвистикалық кітаптар тізімін назарларыңызға ұсынады.

«100 жаңа оқулық»: Жыл соңына дейін тағы 30 кітап мемлекеттік тілге аударылады
19 тамыз 2019 ж.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жарық көрген жоба барысында осыған дейін әлемнің үздік деген 48 оқулығы қазақ тіліне тәржімаланды. Қазірде бұл кітаптар 10 мың данамен басылып, еліміздегі 130 оқу орнына тегін таратылған. Ұлттық аударма бюросы қалған 22 кітапты келесі жылы толық аударамыз деп отыр.

 

«100 жаңа оқулық» – түбегейлі қозғалыс
13 тамыз 2019 ж.

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында дәрігерлер мен мұғалімдер ғана емес, болашақты түсінетін, заманауи көзқарастарын қалыптастырған мамандардың ауадай қажет екенін де айта кетеді. Бұл – даусыз. Жаһанданған заман өзгерістерінен хабары бар, болашағын нақты бағдарлай алатын, жаңашылдықтардан хабары бар, өзі таңдаған саланың «құлағында ойнайтын» мамандар қай қоғамға болмасын, қай уақытта болмасын ауадай қажет-ақ. Осындай мамандарды дайындау үшін, әлемнің үздік оқу құралдарын кез-келген ЖОО-да оқитын студентке қолжетімді ету үшін, әлемдік аренадағы ілім мен білімді әр ауылдың колледж студенттері тегін ала алуы үшін «100 жаңа оқулық» жобасы іске асырылып келеді. Психология, менеджмент, кәсіпкерлік, философия және т.с.с. жаңа заман мамандықтарына арналған әлемнің озық оқыту құралдары енді қазақ тілінде сөйлейді. Жоба туралы «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының бас редакторы Мұхтар Сеңгірбай мырзамен сұқбаттасқан едік.

Әлем әдебиеті теориясының антологиясы қазақ тіліне қалай аударылды?
25 маусым 2019 ж.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы бағыттарының бірі – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында әлем әдебиеті теориясының антологиясы қазақ тіліне аударылып басылды. Жинақ әдебиеттегі орыс формализмі, структурализм, феноменология, постструктурализм, психоанализ ұғымдары, постотаршыл және трансұлттық таным туралы түсінік береді.

 

 

Әлем әдебиеті теориясы қазақ тілінде жарық көрді
24 маусым 2019 ж.

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы - «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын жүзеге асыру мақсатында М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында «Әлем әдебиеті теориясы қазақ тілінде» тақырыбында конференция өтіп, онда әлем әдебиеті теориясының жинақтары таныстырылды.

Қазақшаға аударылған әлемнің 30 үздік оқулығы еліміздегі 130 ЖОО-ға таратылады
21 маусым 2019 ж.

Келесі айда Қазақстандағы 130 жоғарғы оқу орны әлемнің 30 үздік оқулығымен толықпақ. Бұл жөнінде Ұлттық аударма бюросының атқарушы директоры айтып берді. Аталған 30 кітап – «қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша ана тілімізге тәржімаланып жатқан туындылардың жалғасы. Екі жылдан астам уақыттан бері мемлекеттік тілге шетелдік үздік шығармаларды аударған ұйым мұнымен шектелмейді.  Алдағы жоспар туралы Ұлттық аударма бюросының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлының өзінен сұраған болатынбыз.

Дүниежүзі тарихының бедерлі бейнесі
05 маусым 2019 ж.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бағыттарының бірі – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында ағылшын тілінен тікелей қазақ тіліне аударылған оқулықтар қатарында америкалық ғалымдар Р.Данн мен Дж.Митчелдің «Panorama: Дүниежүзі тарихы» оқулығы бар.

 

Отандық білім жүйесіне батыс мектебінің бар жақсысын енгізу қажет
30 сәуір 2019 ж.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назар­баевтың бастамасымен қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы тармақ­тарының бірі – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы. Биыл осы жобаның 2-кезеңі аяқталып, 30 оқулық көпшілікке таныстырылды. Солардың қатарында батыс мектебінің ең үздік оқулықтарының бірі, халықаралық британдық заңгер Малколм Шоның «Халықаралық құқық» (International Law, Malcolm N.Shaw) еңбегінің сегізінші басылымы аударылды.

«Рухани жаңғыру» кітапханасы жаңа 30 оқулықпен толықты
19 сәуір 2019 ж.

Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласының негізінде іске асып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бағыттарының бірі – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылып басылған жаңа оқулықтар таныстырылды. Бұл туралы Ұлттық аударма бюросының баспасөз қызметі хабарлады.

Алты тілге аударылған қазақ әдебиеті жинақтары әлемнің 90-нан аса еліне таралады
18 сәуір 2019 ж.

«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында БҰҰ-ның 6 тіліне аударылған қазіргі қазақ әдебиеті антологияларының сүйінші даналары басылып шықты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ұлттық аударма бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мұхтар Сеңгірбай, Ұлттық аударма бюросының бас редакторы: «100 жаңа оқулық» - сана еркіндігінің басты сатысы
15 сәуір 2019 ж.

Қоғам тарапынан кең қолдауға ие болған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына биыл екі жыл толып отыр. Бағдарлама бағытының бірі «100 жаңа оқулық» жобасы ғылыми аударма ісін дамытуға серпін беріп, білім мен ғылымға ізденістің мазмұнын да жаңғырта түсті.  Осыған байланысты Ұлттық аударма бюросының атқарған жұмыстар нәтижесі туралы Философия докторы (PhD), Ұлттық аударма бюросының бас редакторы Мұхтар Сеңгірбаймен сұхбаттасқан едік.


 

«Құлагер» поэмасы тұңғыш рет ағылшын тіліне аударылды
19 наурыз 2019 ж.

Лондон кітап көрмесінде қазақстандық баспа өнімдері таныстырылды. Ұлттық аударма бюросы ұсынған Ілияс Жансүгіровтің ағылшын тіліне тұңғыш рет аударылған «Құлагер» поэмасы көпшіліктің сұранысына ие болды. Бюро қаржыландырған бұл басылымның ағылшын тіліндегі аудармасын ұлыбританиялық ақын Белинда Кук жасады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ұлттық аударма бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Хабар» арнасының «Бетпе-бет» бағдарламасы
15 ақпан 2019 ж.

Аударма және білім саласы жайлы сұхбат

 

Маман пікірі: Онлайн оқудың ерекшеліктері
24 қаңтар 2019 ж.

Сұхбат беруші - Рауан Кенжеханұлы, «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры

Әлемге қадам басқан ұлттық әдебиет
14 қаңтар 2019 ж.

«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында қазіргі қазақ әдебиеті антологияларын БҰҰ-ның 6 тіліне аудару жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл жоба Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі. Жоба тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті мен мәдениетін, музыкасы мен бейнелеу өнерін, хореография, кино және театр саласындағы жетістіктерін  әлемге танытуды мақсат етеді. Соның ішінде, аталған жоба аясында қазіргі қазақ прозасы мен поэзия жинақтарын 6 тілге аудару қолға алынды.

 

Қазақ әдебиетінің жауһарлары 6 тілге аударылады
14 қаңтар 2019 ж.

Шетелдік аудармашылар мен қазақстандық авторлар Астана төрінде бас қосты. Шет тілдеріне аударылатын шығармалар қазақ әдебиетінің биік өресін танытатын шоқтығы биік туынды болуы тиіс. Ал, аудармашылар өз кезегінде қазақи рухты шетелдік оқырманға жеткізе білуі шарт.
 

Nazar бағдарламасы. Рауан Кенжеханұлы: Гуманитарлық білімнің мазмұны түбегейлі түрде жаңарып жатыр
19 желтоқсан 2018 ж.

«Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлының сұхбаты

«Дипломатия» әлемдік саясат астарынан сыр шертеді
29 қараша 2018 ж.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде атқарылып жатқан іс-шаралардың бірі әрі бірегейі – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағдарламасы. Себебі, кез-келген қоғамның стратегиялық мықты әлеуеті үшін білім басты шешуші фактор болғаны да, болатыны да анық. Осы ретте ел Президенті жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті ел болуда гуманитарлық білімнің алатын орны зор екенін атады. Ол үшін сапалы оқулықтар мен ғылыми әдебиеттердегі маңызды ақпаратты шет тілдеріндегі түпнұсқадан алу қажеттігі жайлы бастама көтеріп, ғылыми қауымдастыққа бағыт сілтеді. Енді осы игі бастамаға бүкіл ел болып атсалысып, қолдау білдіруіміз қажет дегенді де атап өтті.

Ақшам алаңы: 100 жаңа оқулық, үздік басылымдар қалай іріктеледі?
26 қараша 2018 ж.

«Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы 2019 жылы жарыққа шығатын оқулықтар туралы сұхбат берді

Әлемдік бестселлер кітаптар қазақ тіліне аударылды
25 қараша 2018 ж.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әлемдік бестселлер кітаптар қазақ тіліне аударылды.

 

Халықаралық бизнеске лайық таңдау
29 қазан 2018 ж.

Жуырда «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында «Халықаралық бизнес: Жаһандық нарықтағы бәсеке» оқулығы жарыққа шығады. Оқулық авторлары Чарльз Хилл мен Томас Халт әлемдік деңгейдегі экономика саласындағы  беделді теоретиктері. Бұл оқулық қазақ тіліне тұңғыш рет аударылып отыр.

Медиа саласына арналған кітап жарыққа шығады
25 қазан 2018 ж.

«Журналистика – тарихтың тасқа басылған алғашқы парағы» деген түсінік ілкіден бар. Тарихтың бұлтартпас жылнамашысына айналған қызметті елге жеткізу құралы «медиа» деп аталды (латынша media сөзі – «бел ортасы» деген мағынаны білдіреді). Бұл – хабарды жіберуші мен қабылдаушының қақ ортасындағы дәнекер механизм. Ал журналистика – медианың маңызды формасы ретінде жаңалықтарды, сөзбе-сөз аударғанда «жаңа ақпаратты» қоғамға жеткізуші. Осы мәселелердің аражігін ашып, журналистика саласындағы жаңа тенденцияларды түсіндіретін құнды еңбектің бірі – «Медиа және журналистика: теория мен практикаға жаңа көзқарас» (Media and Journalism: New Approaches to Theory and Practice» 3.0 edition) кітабы. 

Қазақ әдебиетінің жинақтары қытай, араб тілдерінде жарық көреді
22 қазан 2018 ж.

22 қазанда Астанада «Рухани жаңғыру» бағдарламасын  жүзеге асыру жөніндегі ұлттық комиссия мен  «Жаһандану әлеміндегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасына қатысуға ниет білдірген  Қытай Халық Республикасының «Ұлттар баспасы», сондай-ақ Египет Араб Республикасының Мәдениет және білім орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

 

Әдеби жауһарлар аударылады
16 қазан 2018 ж.

Мәскеу мемлекеттік университеті қазақ әдебиеті антологиясының орыс тіліндегі нұсқасын шығарады. 16 қазанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Ұлттық комиссия мен «Жаһандану әлеміндегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасының ресейлік серіктесі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

«Тіл тарихына кіріспе» – құнды еңбек
11 қазан 2018 ж.

«Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының екінші кезеңінде 30 кітапты аударып, баспаға дайындап жатыр. Бұған дейін әлемдегі маңдайалды университеттердің оқу бағдарламасына енген үздік 18 оқулық аударылып, көпшілікке таныстырылған еді. Қазақ тіліне аударылған оқулықтар 110 жоғары оқу орнына таратылып, онлайн нұсқасы Қазақстанның ашық университеті – OpenU.kz платформасына жүктелді. Осы оқу құралдарының негізінде қазақ және орыс тілдерінде әрбір пән бойынша 25 дәрістен тұратын 47 курс – мультимедиалық лекциялар топтамасы әзірленді. Бұл орайда швед ғалымы, лингвист Торе Янсонның «Тіл тарихына кіріспе» (Tore Janson. The History of Languages: An Introduction) атты еңбегі баспаға дайындалып жатқан 30 оқулықтың бірі екенін айта кеткеніміз жөн. 

Жаңа әлемнің ғылыми тұжырымдамасы. П.Уоллейс. «Интернет психологиясы»
11 қазан 2018 ж.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша екінші кезеңдегі 30 оқулықтың ішінен Патрисия Уоллейстің «Интернет психологиясы» кітабын аударуға сұрандым. Бұл тақырып маған өте қызықты болып көрінді.

Сана бағдарламасы: Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық
02 қазан 2018 ж.

«Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы «Сана» бағдарламасына сұхбат берді. Бағдарламада Ұлттық аударма бюросындағы жұмыс процесі, баспаға дайындалып жатқан 30 кітап, алғашқы 18 оқулық, олардың авторлары мен әлемдегі оқулық нарығы, «100 жаңа оқулық» жобасы жайлы айтылды.

Рауан Кенжеханұлы: Таңдаулы оқулықтар ғана аударылады
28 қыркүйек 2018 ж.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласында қазақтың рухани танымын тереңдететін бірқатар тақырыптар қамтылған. Соның бірі – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы. Онда Елбасы тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге толыққанды білім беруге қажетті барлық жағдайды жасау керектігін ерекше атап өткен болатын. Сондай-ақ, «Гуманитарлық зиялы қауым өкілдері еліміздің жоғары оқу орындарындағы гуманитарлық кафедраларды қайта қалпына келтіру арқылы мемлекеттің қолдауына ие болады. Бізге инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар да ауадай қажет» – деп атап өтті. Осы мақсатпен «Ұлттық аударма бюросы» құрылып, бүгінде жобаның бірінші кезеңін аяқтап үлгерді. Біз осындай іргелі жұмысты қолына алған «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлына «100 жаңа оқулық» жобасына қатысты бірнеше сұрақ қойдық.

18 кітап оң баға алды
18 қыркүйек 2018 ж.

Философия, саясаттану және дінтану институтында «100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы және оның қазақстандық бірегейлік пен ұлттық өзіндік сананың қалыптасуына ықпалы» тақырыбында ғылыми сарапшылар кездесуі өтті. Алқалы кездесуде – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында қазақ тіліне аударылған құнды еңбектердің алғашқы легі – 18 кітаптың ғылыми мазмұны мен маңызы туралы айтылды.

 

Ұлттық аударма бюросының ұтымды қадамы
12 қыркүйек 2018 ж.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының негізінде қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық жобасы бастау алды. Бұл – қазақ тілінің сапасын жоғары деңгейге көтеретін әрі ғылым тіліндегі мүмкіндігін арттыратын бастама. Бұл жоба аясында тарих, философия, социология, психология, антропология, мәдениеттану, дінтану, лингвистика, инновация, медиа, экономика, менеджмент және кәсіпкерлік салалары бойынша әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында оқытылатын танымал оқулықтарды қазақ тіліне аудару қолға алынғанын білеміз.

 

Рауан Кенжеханұлы: Аударма бізге ауадай қажет
01 қыркүйек 2018 ж.

«Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының директоры Рауан Кенжеханұлы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа кітап» жобасының екінші легі – 30 оқулық аудармасы, редактура, баспаға әзірлеу процесі, отандық ғылыми аударма саласы туралы сұхбат берді.

Данышпандар даналығын дарытатын еңбек
24 тамыз 2018 ж.

Француз философы Реми Хесс­тің «Философияның таңдаулы 25 кітабы» деп аталатын еңбегі құнарлы мазмұнымен ерекшеле­нетін құнды кітап болып табы­лады. Париж университетінің профессоры Реми Хесстің «Философияның таңдаулы 25 кітабы» атты талдауы сту­дент­терді көрнекті ойшылдар және олардың шығармаларымен француз философиялық мектебі тұрғысынан таныстырады. Белгілі француз ғалымы Реми Хесстің бұл кітабы жас оқыр­манды Батыстың аса көрнекті ойшылдары және олардың шығармаларымен таныс­тырады.

Тіл меңгеру тәлімдері. «Тіл біліміне кіріспе» оқулығы туралы
17 шілде 2018 ж.

«Гуманитарлық білім­нің барлық бағыт­тары бойынша әлем­дегі ең жақсы 100 оқулықты әр түрлі тілден қазақ тіліне аударып, жастарға дү­ние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде бі­лім алуға мүмкіндік жа­саймыз». Елбасы Н.На­зарбаевтың осы сөзін іске асыру үшін құ­рыл­ған Ұлттық ау­дар­ма бю­росы алғаш­қы 18 кітапты жарыққа шыға­рып, еліміздің жо­ғары оқу орындарына, кітап­ха­наларға таратып та үл­герді.

Қазақ әдебиеті антологиясы француз тіліне аударылатын болды
16 шілде 2018 ж.

Парижде заманауи қазақ әдебиетінің екі антологиясын француз тілінде тарату, басып шығару және аудару жұмысына араласатын шығармашылық концорциумның қатысушылары анықталды.


 

«Философияның таңдаулы 25 кітабы»    
13 шілде 2018 ж.

«Философияның таңдаулы 25 кітабы». «Жаңа гуманитарлық білім: Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында француз тілінен тікелей аударылған бірден-бір жинақ.

Қазақ әдебиеті испан тіліне аударылады
13 шілде 2018 ж.

Мадридте Испания Мәдениет министрлігінің қолдауымен қазақ әдебиеті жинақтарын испан тіліне аудару, басып шығару және ілгерілету жобасының әлеуметті қатысушыларымен келіссөздер аяқталды.

Кембридж университеті қазақ әдебиетінің антологиясын ағылшын тілінде шығарады
10 шілде 2018 ж.

Кембриджде (Ұлыбритания) «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссия мен Кембридж университеті баспаханасы арасында ынтымақтастық жөнінде меморундамға қол қойылды.

«Тіл және мәдениетаралық коммуникация»
30 маусым 2018 ж.

Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясындағы  «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі жүз жаңа оқулық» жобасы бойынша Ұлттық аударма бюросы басып шығарған оқулықтардың ішінде М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры С.Г.Тер-Минасованың «Тіл және мәдениетаралық коммуникация» атты  еңбегі ерекше көзге түседі.

«Хабар» арнасының «Бетпе-бет» бағдарламасы
23 сәуір 2018 ж.

Бағдарлама қонағы - «Ұлттық аударма бюросының» ҚҚ атқарушы директоры - Рауан Кенжеханұлы

«Хабар» арнасының «Болашаққа бағдар» бағдарламасы
18 сәуір 2018 ж.

Бағдарлама қонақтары «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жұмыс тобы мүшелері.

Рауан Кенжеханұлы: «100 жаңа оқулық» – қазақ ғылымының жаңа белесі».
05 желтоқсан 2017 ж.

ХХ ғасырдың басында Алаш зиялылары қазақ баласын жаппай білімге шақырып, дамыған жұрттардың бәрінде бар ғылым салаларын негізге алып, қазақ ғылымының іргетасын қалапты. Содан бері бір ғасыр өткенде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы іске қосылды. Қазақ баласы енді гуманитарлық білімнің жаңа оқулықтарымен танысқанда қалай өзгереді? Арадағы ғасырлық межені ескергенде, жаңа оқулық білімнің сапасын көтере ме? Осы туралы «Ұлттық аударма бюросы қоғамдық қорының» атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлынан сұрап білген едік.
 

100 жаңа оқулық: тәуекел түбі – жел қайық.
19 тамыз 2017 ж.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Біз алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағытты бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүниежүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасаймыз. 2018-2019 оқу жылының өзінде студенттерді осы оқулықтармен оқыта бастауға тиіспіз» деген еді. Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша 100 жаңа оқулықты аударуға жаңадан құрылған Ұлттық аударма бюросы кірісіп кетті. 

«Хабар» арнасының «Бетпе-бет» бағдарламасы
12 шілде 2017 ж.

Бағдарлама қонағы - «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ атқарушы директоры - Рауан Кенжеханұлы

Qazaqstan ұлттық арнасының «Басты тақырып» бағдарламасы
24 сәуір 2017 ж.

Бағдарлама қонағы - «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ атқарушы директоры - Рауан Кенжеханұлы