Әлемдік бестселлер кітаптар қазақ тіліне аударылды
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жарыққа шыққан Стивен Ковидің «Жасампаз жандардың 7 дағдысы» мен Юваль Хараридің «Sapiens: Адамзаттың қысқаша тарихы» еңбегін Ұлттық аударма бюросы баспаға әзірлеген. Жеке тұлғаның дамуына, қалыптасуына бағыт-бағдар беретін дағдыларды талдаған Ковидің кітабы әлемнің 40 тіліне аударылып, 30 миллион данамен тараған. Ал Харари «Sapiens: Адамзаттың қысқаша тарихы» арқылы оқырманды қоршаған орта туралы түсініктердің бәрін қайта қарауға бағыттайды. Айта кетейік, аударма бюросының бұған дейін шығарған кітаптары жоғары оқу орындарындағы оқу бағдарламасына енгізілген болса, бұл екі кітап жаңа идеяға құмар жандарға арналған.
Рауан Кенжеханұлы, Ұлттық аударма бюросының атқарушы директоры:
- Қазақы ортаға жастарға жаңа білім қалыптастыруға, жаңа дағды қалыптастыруға, қазіргідей қым-қуыт өзгеріс уақытында, бәсекелестік күшейіп тұрған уақытта өзін тұлға ретінде, маман ретінде үлкен өмірге дайындайтын жаңа білім керек деп жатырмыз. Бұл екі кітап осы бағдарламаны, осы бағытты ары қарай ілгерілетуге қосқан өте бір салмақты үлес болды деп сенеміз.
Толығырақ: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/280031-lemdik-bestseller-kitaptar-aza-tiline-audaryldy