Алматыда БҰҰ-ның 6 тіліне аударылған қазақ әдебиеті антологиялары таныстырылды
Бұл жоба Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бағыттарының бірі ретінде тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті мен мәдениетін, музыкасы мен бейнелеу өнерін, хореография, кино және театр саласындағы жетістіктерін әлемге танытуды мақсат етеді.
Қазақ қаламгерлері шығармаларының таныстырылымына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссияның төрағасы Қырымбек Көшербаев, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев және туындылары әлемнің алшты тіліне аударылған қаламгерлер мен аудармашылар қатысты.
Жиынның ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Ұ.Көшербаев қазақ әдебиетінің үздік үлгілерін БҰҰ-ның 6 тіліне аудару және оны осындай кең көлемде тарату – бұрын соңды біздің тарихымызда болмағанына тоқталды.
Қазақ әдебиеті жинақтарының ағылшын тіліндегі нұсқасын Кембридж университетінің баспасы, араб тіліндегі басылымын Мысырдың Ұлттық білім және мәдениет орталығы, испан тіліндегі жинақтарды Сервантес институты, орыс тіліндегі антологияларды М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің баспа үйі, қытай тіліндегі жинақтарды Бейжіңдегі ұлттар баспасы, француз тіліндегі басылымды Париждің мәдени бірлестігі дайындады. Аталған серіктес-ұйымдар аударма, басып шығару, тарату-насихаттау жұмыстарына 300-ге жуық маман жұмылдырылған.