Әдеби жауһарлар аударылады

16 қазан 2018 ж.

Нақтырақ айтсақ, «Қазіргі қазақ проза­сы­ның антологиясы» мен «Қазіргі қазақ поэ­зиясының антологиясын» орыс тіліне аударып, басып шығаруға М.Ломоно­сов атындағы Мәскеу мемлекеттік универси­те­тінің баспа үйі, сондай-ақ Ресей Жазушылар одағы­ның Мәскеу қалалық ұйымы атсалы­сады. Қазіргі заманғы қазақ әдебиетінің үздік үлгілері жинағын БҰҰ-ның 6 тіліне аудару Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқаны мәлім. Бағдарламаның маңызды бағыттарының бірі – «Жаһандану әлеміндегі заманауи қазақстандық мәде­ниет». Оның мақсаты – заманауи қазақ әде­биетінің, музыкасы мен бейнелеу өнері­нің жауһарларын, кино мен театр, хорео­гра­фия саласының тәуелсіздік жылдарындағы табыстарын дүниежүзіне таныстыру. Меморандумға қол қою рәсімі Қазақ­стан­ның Ресейдегі елшілігінде, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов пен «Ұлттық аударма бюро­сы­ның» директоры Рауан Кенжеханұлының қатысуымен өтті. Қазақстан тарапынан мем­орандумға «Рухани жаңғыру» бағдарла­ма­сын жүзеге асыру жөніндегі ұлттық комиссияның хатшысы Аида Балаева қол қойды. Рәсім барысында Балаева «Қазақ­стан­ның бұрыннан сенімді серіктесі, әріптесі Мәскеу мемлекеттік университеті мен Ресей жазушылар қауымының орталық аймақтағы ірі ұйымының мол тәжірибесі мен жоғары беделінің арқасында жобамыздың сәтті жүзеге асатынына, яғни қазақ әдебие­тінің орыс тіліне аудармасының сапасы жоғары болатынына әрі басылым орыстілді кеңістік­те кең таралатынына сенімдімін» деп жылы лебізін білдірді.

Мәскеу мемлекеттік университеті жанын­­дағы баспа үйінің директоры Алек­сандр Веракса университет баспасы жоба­ның сәтті жүзеге асуына оқу орнының талай жылғы тәжірибесіне арқа сүйеп бар күшін сала­тынын жеткізді. Ресей Жазушылар ода­ғы Мәскеу қалалық ұйымының төрағасы Влади­мир Бояринов аударманы антологияға дайын­дау барысы Қазақстан мен Ресей қаламгерлері арасына алтын арқау болып, өзара мәдени ықпалдастыққа оң әсерін тигізетініне үміті зор екенін айтты. Ресей Жазушылар одағының Мәскеу қала­лық ұйымы әдеби жинақтарға сұрып­талған шығармалардың көркем аударма­сы­мен және оны редакциялаумен айналысады. Ал Мәскеу мемлекеттік университетінің баспа үйі антологияны басып шығаруды, сондай-ақ оның орыстілді оқырмандарға таратуды, насихаттауды ұйымдастырады.

Жадыра АҚҚАЙЫР

Толығырақ: https://aikyn.kz/2018/10/16/70708.html