Халықаралық бизнеске лайық таңдау

29 қазан 2018 ж.

Чарльз Хилл – Вашингтон универ­ситеті Фостер Бизнес мектебінің профес­соры. Томас Халт – Мичиган штатының университетінде Джон Байнгтон атын­дағы кеңес төрағасы, маркетинг және халықаралық бизнес профессоры. Екі автордың да әлемдік саяси-экономи­калық басылымдарда ғылыми зерттеулері басылған. Қазір Халықаралық бизнестің он екінші басылымының қазақ тіліндегі нұсқасы баспаға әзірленуде. Бұл туынды халықаралық бизнесті оқытудың негізгі курсына арналған жан-жақты қамтыл­ған әрі кейспен пысықталған нұсқасы, яғни әлемдік қаржы жүйесі, халық­ара­лық бизнес құрылымы, халықаралық бухгалтерлік есеп және халықаралық қаржыландыру ұғымдарына мұқият зер салғысы келетін курстарға бейімделген. «Біздің басты мақсатымыз — әрқашан макро және микро мәселелерді тең дәре­жеде әрі практика жүзінде қарастырып, оны қарапайымдық және студенттік көзқарас тұрғысынан қамту болды. Көп ұзамай осы халықаралық бизнес курсы­нан дәріс алған студенттің көбісі жаһан­дық бизнес әлемінде жұмыс істейді және олар жаһандық нарықта халықаралық бизнес­тің ұйым стратегиясына, құрылы­мы мен функциясына тигізер әсерін жете түсінуі тиіс. Ертеңгі көшбасшы ұрпақ үшін осы халықаралық бизнесті меңгеру тәжі­рибесін бір жинаққа топтастырдық», деп жазады авторлар.

 

 

Нарықтағы бәсеке қарапайым да күрделі факторларды қамти отырып, бизнеске қатысты егжей-тегжейлі мәлі­мет­ті қарапайым тілмен берілген. Осы мәселелер жеті бөлімге бөлінген. Атап айтқанда, ұлттық ерекшеліктер, жаһан­дық сауда және инвестициялық орта, жаһандық валюталық жүйе, халықара­лық бизнес стратегиясы және құрылымы, халық­аралық бизнес функциялар, жаһан­дық өндіріс және жеткізу тізбегін басқару және Интеграциялық кейстер жиырма тарауға жіктеліп, әр тақырыпқа жеке-жеке тоқ­талады. Сонымен қатар, берілген мәлі­метті практикада көрсету үшін оқырман­ға қосымша кейс арқылы белгілі бір мем­лекет не әлемдік деңгейдегі компаниялар­дың нақты мысалын ұсына­ды. Сондай-ақ, тараудағы мәлімет­ті пысықтау үшін оқытушымен онлайн курсы жасалған.

Кітап мазмұны қызықты қосымша деректерге бай. Әдетте, экономика курсына арналған оқулықтарда теория жалпылама берілгенімен, практика жағы елеусіз қалатыны жасырын емес. Ал «Жаһандық нарықтағы бәсеке» оқулы­ғында бизнестегі әр қадам жергілікті жағ­дайға тікелей байланысты деп түсін­діреді. Мәселен, бизнес жүргізу этикасы, жергілікті дәстүр, мәдениет, саяси жағдай­лар, сауаттылықтың да ықпалы зор. Айталық, халықтың көпшілігі сауатсыз елдерде тауар жарнамасында сурет қолдану бизнесті жандандырады. Түптеп келгенде, авторлар бизнес жүргі­зудің қарапайым жолдарын ұсынады. Компаниялардың құрылуы, тоқырауға ұшырауы, экспорты, кеңеюіне қатысты нақты формулалар бар. Мәселен, Boeіng ұшақтарының 65 пайызы шет елде жасалады, тек ақырғы өнім ғана АҚШ-та құрастырылады. Ешбір автокөлігі жоқ Uber әлемдік жолаушы тасымалдау нары­ғында алпауытқа айналған. Ал әлемде кез келген қызметтің шетелге аутсорингке берілуінен уақыт пен қара­жат үнемделуде. Мәселен, АҚШ-та түсірілген МРТ Малайзия елдерінде оқы­лады, ал әлемдік алпауыт Apple, Amazon, Mіcrosoft компанияларының жұмыс күші Үндістан мен Қытайда орналасқан. Бұл да нарықтың әлеуетін үнемді пайда­ланудің бір жолы. Оқулықта осындай нақты мысалдар тегіс қамтылған.

Сонымен қатар бұл еңбекте эконо­микадағы қалыптасқан және жаңа эко­номикалық теориялармен көзқарас­тар талданған. Жаңа сауда теориясы және стратегиялық сауда саясаты, эко­номи­калық даму бойынша Нобель сый­лығы­ның лауреаты экономист Амартия Сэн­нің еңбегі, Сэмюэль Хантингтонның «Өр­кениеттер қақтығысы» туралы дис­сертациясы, Пол Ромер мен Ген Гросс­ман қорғаған экономикалық дамудың өсу теориясы, Майкл Портердің әр ұлттың бәсекеге қабілетті артықшы­лық теориясы, Нобель сыйлығының лауреаты Дуглас Норттың меншік құқығын қорғау бойынша еңбегі, Батлет пен Гошалдың трансұлттық корпорация туралы зерттеуі және Пол Самуэльсон­ның еркін сауда теориясы қарасты­рылған.

Елімізде «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы кәсіпкерлікті қолдауға арналғаны баршаға аян. Осы тұрғыда бәсекеге қабілетті болу, бизнес­тің қыр-сырын білу аса маңызды. Алай­да, осы тақырыптағы оқулықтар бизнес­тің бүге-шігесіне бара бермейді. Тіпті, әлем­дік нарыққа шығу да отандық кәсіп­керлер үшін жабық есік сияқты. Кітап­тың Халықаралық бизнес стратегиясы мен құрылымы бөлімі осы мәселелерді қамтиды.

Әлем бірте-бірте басыбайлы жаһан­данып барады. Бірқатар Азия елдерінің экономикасы, әсіресе Қытай мен Үндіс­тан экономикасы жылдам қарқынмен өсуде. Әлемдік дамыған өнеркәсіптік державаларға қоса, дамушы мемлекет­терде жаңа мультиұлттық корпорациялар пайда болуда. Әлемдік экономиканың жаһандануы фирмалардың кең ауқы­мын, яғни аса ірісінен бастап өте ықшам фирмаға дейін түгел қамтиды. Өкінішке қарай, жаһандық лаңкестік және соған байланысты геосаяси қауіп-қатер жаһан­дық деңгейде алуан жерде, осыдан он жыл бұрын ойымызға да келмес жаңа жер­лерде орын тебуде. Бұл жаһандық экономиканың интеграциясы мен қыз­метіне қауіп төндіреді. Сонымен қатар, Біріккен Корольдіктің Еуропалық Одақ­тан шығуды дауысқа салу ұйғарымы, АҚШ-тағы  президент Дональд Трамп­тың сайлауы және күллі әлемдегі бірқа­тар сайлау науқаны себебінен жер-жаһанның назары  көп жағдайда  сауда­дан гөрі ұлттық мәселелерге ауды. Осы және басқа да тақырыптар білім аясын кеңейту мақсатында аталмыш еңбекке топтастырылған. Бұған дейінгі қазақ тіліне аударылған экономикалық оқу құралдарынан айыр­машылығы, мұнда қазіргі кезде талқы­ланатын әлемдегі саяси және экономи­калық жағдайлар, Бангладештің эконо­микалық дамуы, Зимбабвенің құлды­рауы, Бразилиядағы жемқорлық, Вьет­намдағы экономикалық трансформация, Boeіng және Aіrbus компанияларының заңсыз субсидия­ларға қарсы әуе күресі, ІKEA компания­сының жаһандық стра­те­гиясы, доллар­дың Apple компания­сының табысына кері әсері, Дүниежүзілік Сауда Жүйесіне төнген қатер, BMW, Rolls-Royce және MІNІ жаһандануы кейстерде жіті талданған.

Сонымен қатар, оқулық соңында қазіргі медициналық туризм, аймақтық интеграция, транзакция, бәсекеге қабі­лет­тілік туралы соны зерттеулер мен қыс­қаша кейстер әлемдік нарықтың бүгінгі келбетінен көрініс береді. «Халықаралық Бизнестің» 12-басылымында кейсті көп әрі кешенді түрде қарастырамыз және жаһандық капитал нарығы, халықара­лық бизнесті ұйымдастыру, халықаралық бухгалтерлік есеп және халықаралық қаржы туралы тереңнен толғаймыз» деп жазады авторлар.

Оқулық экономика курсы студент­теріне, экономика тақырыбына қалам тартқан журналистерге, зерттеу жүргізген экономика ғалымдары мен жалпы оқырманға бірдей берері мол.

Ақниет ОСПАНБАЙ, «Халықаралық бизнес: Жаһандық нарықтағы бәсеке» оқулығының жауапты шығарушы редакторы

http://almaty-akshamy.kz/haly-araly-bizneske-lajy-ta-dau/?fbclid=IwAR3Ba9cdCfJJsvCywgLSTsaz7qv6ZB1mEhjA248JQWpOyhxIAXvpwm1Bv3k