Іс-шаралар

100 жаңа оқулық таныстырылды
22 қыркүйек 2021 ж.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2017 жылдан бастап қоғамдық сананы модернизациялауға бағытталған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қолға алынды. Аталмыш бағдарлама аясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы жүзеге асырылып, гуманитарлық білімнің барлық саласында әлемдегі ең үздік деген 100 оқулық түрлі тілдерден қазақ тіліне аударылды.

Лондонда Абай шығармаларының ағылшын тіліндегі жинағы таныстырылды
11 қараша 2020 ж.

ЛОНДОН, 11 қараша 2020 жыл – Ұлыбритания астанасында Абай Құнанбайұлы шығармаларының ағылшын тіліндегі жинағының таныстырылымы өтті. Жинақты бес ғасырлық тарихы бар Кембридж университеті баспасы (Cambridge University Press) мен Ұлттық аударма бюросы (ҰАБ) қоғамдық қоры бірлесе отырып Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында аударып басты.

Халықаралық аударма күні Ұлттық аударма бюросының мамандары марапатталды
30 қыркүйек 2020 ж.

Ұлттық аударма бюросының аудармашылары мен редакторлары 30 қыркүйек – Халықаралық аудармашылар күніне орай ҚР Мемлекеттік хатшысы мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің алғыс хаттарымен марапатталды.

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылған кезекті 30 оқулық таныстырылды
13 тамыз 2020 ж.

Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір бағыты – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылып басылған жаңа 30 оқулықтың таныстырылымы Орталық коммуникациялар қызметі негізінде өтті.

Абайдың шығармалары әлемнің 10 тіліне аударылды
11 тамыз 2020 ж.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұлы ақын, ойшыл, ағартушы шығармалары әлемнің 10 тіліне аударылды. Олар: ағылшын, араб, қытай, испан, итальян, неміс, орыс, түрік, француз және жапон тілдері. Аударма жинақтарға ақынның 145 өлеңі, 3 поэмасы мен 45 қара сөзі кірді.

БҰҰ-ның 6 тіліне аударылған қазіргі қазақ әдебиеті антологиялары таныстырылды
14 ақпан 2020 ж.

«Достық» үйінде «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында БҰҰ-ның 6 тіліне аударылған қазақ әдебиеті антологияларының таныстырылымы өтті. Бұл жоба Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бағыттарының бірі. Тұтастай алғанда, ол тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті мен мәдениетін, музыкасы мен бейнелеу өнерін, хореография, кино және театр саласындағы жетістіктерін әлемге танытуды мақсат тұтады.

Әлем әдебиеті теориясы қазақ тілінде
20 маусым 2019 ж.

20 маусым күні М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы бағыттарының бірі – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылып басылған әлем әдебиеті теориясының жинақтары таныстырылды.

«Рухани жаңғыру» кітапханасы жаңа 30 оқулықпен толықты
18 сәуір 2019 ж.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласының негізінде іске асып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бағыттарының бірі – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылып басылған жаңа оқулықтар таныстырылды.

БҰҰ-ның 6 тіліне аударылған қазақ әдебиеті жинақтары әлемнің 90-нан аса еліне таралады
18 сәуір 2019 ж.

«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында БҰҰ-ның 6 тіліне аударылған қазіргі қазақ әдебиеті антологияларының сүйінші даналары басылып шықты. Бұл жоба Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бағыттарының бірі. Ол тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті мен мәдениеті, музыкасы мен бейнелеу өнерін, хореография, кино және театр саласындағы жетістіктерін әлемге танытуды мақсат етеді.

 

Лондон кітап көрмесінде қазақстандық баспа өнімдері таныстырылды
14 наурыз 2019 ж.

Ұлыбританияда 12-14 наурыз күндері өткен Лондон кітап көрмесі (London Book Fair) аясында қазіргі қазақстандық баспа саласының туындылары таныстырылды. Көрмеде «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландиядағы елшілігінің қолдауымен отандық баспалардан соңғы жылдары шыққан кітаптарды ұсынды. Жалпы ұсынылған 140 аталым кітаптың 32-сі ағылшын, өзгесі қазақ, орыс, испан, француз, неміс тілдерінде болды.

Қазақстандық авторлар шығармаларын БҰҰ-ның 6 тілінде сөйлететін аудармашылармен кездесті
16 қаңтар 2019 ж.

«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында қазіргі қазақ әдебиеті антологияларын БҰҰ-ның 6 тіліне аудару жұмысы жалғасуда. Бұл жоба Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бағыттарының бірі. Жоба тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті мен мәдениеті, музыкасы мен бейнелеу өнерін, хореография, кино және театр саласындағы жетістіктерді әлемге танытуды мақсат етеді. Соның ішінде, аталған жоба аясында қазіргі қазақ прозасы мен поэзия жинақтарын 6 тілге аудару қолға алынды.

Қазіргі қазақ әдебиеті антологиялары француз әлеміне жол тартпақ
16 шілде 2018 ж.

Париж қаласында қазіргі қазақ әдебиетінің антологияларын француз тіліне аудару, басып шығару, тарату және насихаттау жобасына атсалысатын шығармашылық консорциум қатысушылары белгілі болды.

Қазіргі қазақ әдебиетінің антологиялары испан тіліне аударылады
16 шілде 2018 ж.

Мадридте Испания Мәдениет министрлігінің қолдауымен қазіргі қазақ әдебиетінің антологияларын испан тіліне аудару, басып шығару және насихат жұмыстарын жүргізу бойынша жоба қатысушылары меморандумға қол қойды.

Алматыда «100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылған 18 кітапты оқу бағдарламасына енгізу мәселесі талқыланды
01 маусым 2018 ж.

Алматыдағы Өңірлік коммуникациялар қызметінде «100 жаңа оқулық» жобасы аясында қазақ тіліне аударылған кітаптардың білім беру процесінде алатын орны, оларды оқу бағдарламасына енгізу, электронды форматқа көшіру туралы баспасөз конференциясы өтті. Оған Ұлттық аударма бюросы өкілі мен оқытушы-ғалымдар, баспа саласының маманы қатысып, БАҚ қызметкерлерінің сұрағына жауап берді.

Алматыда U38 Университеттер альянсының кездесуі өтті
31 мамыр 2018 ж.

Алматы қаласының әкімдігі және «Ұлттық аударма бюросының» ұйымдастыруымен Алматы қаласында орналасқан жоғары оқу орындарының ортақ платформасы – U38 Университеттер альянсының кездесуі өтті. Басқосуда «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша жарық көрген алғашқы 18 кітап пен аударылып жатқан 30 оқулық талқыланды. Оған ЖОО проректорлары мен профессорлары, жас ғалымдар мен студенттер қатысты.

Қазіргі қазақ әдебиеті антологиялары ағылшын тілінде басылып шығады
25 мамыр 2018 ж.

Танымал қазақстандық жазушылар, ақындар, сыншылар мен әдебиетшілер Алматыдағы Достық үйінде бас қосып, БҰҰ-ның 6 тіліне аударылатын қазіргі қазақ әдебиетінің екі томдық антологиясының құрылымы мен мазмұнын талқылады.

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында шыққан алғашқы оқулықтардың тұсаукесері
12 сәуір 2018 ж.

2018 жылы 12 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарияланғанына бір жыл болды.

Осыған орай Елбасының қатысуымен өткен алқалы жиында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша былтырдан бері атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылды, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылып, жарық көрген алғашқы он сегіз оқулықтың тұсаукесері өтті.

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 оқулық» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция
23 қазан 2017 ж.

2017 жылғы 20 қазанда Астанада «Жаңғыру 3.0: Рухани жаңғыру» тақырыбына арналған сарапшылар талқысы сериясы аясында Еуразиялық интеграция институты және «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ ұйымдастыруымен «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 оқулық» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.    

Қазақ тіліне гуманитарлық сала оқулықтарын аудару мәселелері талқыланды
03 қазан 2017 ж.

23 тамыз күні Алматы қаласында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарды талқылауға арналған дөңгелек стол өтті. 

Google Translate жүйесіне қазақ тілінде ауызша аудару қызметі қосылады
03 қазан 2017 ж.

28 қыркүйек күні Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Google Translate жүйесіндегі ауызша аудармалар (Voice-to-Text технологиясы) қызметіне қазақ тілін қосу жобасының таныстырылуы өтті.