«Хабар» арнасының «Болашаққа бағдар» бағдарламасы
Бәсекеге қабілеттіліктің ең негізгі көрсеткіші - білім. Бұл туралы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жан-жақты айтылғаны белгілі. Осы бағдарлама аясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы арқылы әлемге әйгілі оқулықтарды қазақшалау ісі қолға алынған еді. Бүгінгі біз сол жұмыстың алғашқы нәтижесә және ары қарайғы қадамы туралы ой қозғамақпыз. Хабарымыздың бүгінгі қонақтары:
- Сәкен Сыбанбай, жазушы, публицист
- Бағлан Мизамханқызы, Абылай хан атындағы ӘТжХҚ университетінің «Аударма және филология факультетінің» деканы
- Айымжан Рыскиева, философия ғылымдарының кандидаты, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі
- Самажан Ынтықбаев, экономика ғылымдарының докторы, профессор.