Қазақ тіліне гуманитарлық сала оқулықтарын аудару мәселелері талқыланды
23 тамыз күні Алматы қаласында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарды талқылауға арналған дөңгелек стол өтті. Шараға ғалымдар, аудармашылар, редакторлар, баспагерлер, оқу орындар ұстаздары мен мемлекеттік мекемелер өкілдері қатысты. Басқосуда ғылыми терминдер мен ұғымдарды қазақ тіліне аудару, өзге тілдерден енген сөздер қолданысы, терминология, стиль, аудармашылар ортасының мәселелері сөз болды.
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында философия, социология, психология, мәдениеттану, дінтану, тіл білімі, экономика, менеджмент пен кәсіпкерлік салалары бойынша әлемдегі ең үздік оқулықтар қазақ тіліне аударылып жатыр.
Бүгінде аталған бағыттар бойынша іріктелген 18 кітап аударылуда. АҚШ, Ұлыбритания, Швейцария, Франция мен Ресейдің үздік баспаларымен кітаптарды қазақ тіліне аудару құқықтары рәсімделді. Аударманы іске асыру үшін 18 жұмыс тобы құрылып, 90-нан астам маман жұмысқа тартылды. Оқулық аудармасы сапасын қамтамасыз ету мақсатында аударма тәуелсіз ғылыми және әдеби редакциядан өтеді.
БАҚ дөңгелек стол туралы