«100 жаңа оқулық» жобасын «Жаңа білім» деген атаумен жалғастыру ұсынылды

03 December 2020

«Көптеген сыни пікірлерге қарамастан, талдау және сараптау барысында аз ғана уақыт ішінде қыруар жұмыс атқарылғанына көз жеткіздік. Аталмыш жобаның арқасында қазақстандық гуманитарлық білім мазмұны толықтай жаңарып, жаңа деңгейге көтерілді», – деді сенатор. Мұрат Бақтиярұлы «100 жаңа оқулық» жобасы осы уақытқа дейін қазақ тілінде болмаған, мүлде жаңа салаларды танытқанын айтты.  «Еліміздігі жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің 70% мемлекеттік тілде білім алатынын ескере отырып, жоба аясында жинақталған қыруар білім мен тәжірибені жоғалтып алмау үшін еліміздегі ғылыми және көркем аударма жұмысын жалғастыру қажет деп санаймыз», – деді депутат. 

«100 жаңа оқулық» жобасын «Жаңа білім» деген атаумен жалғастыру ұсынылды

Оның сөзінше, қазақ тіліндегі «100 жаңа оқулық» жобасын «Жаңа білім» деген жалпы атаумен жалғастыруды ұсынды.  «Жыл сайын аударылып басылатын кітаптар тақырыбын үш негізгі бағыт: жоғары оқу орындарына арналған оқу құралдары, әлемдік көркем әдебиет үлгілері, публицистикалық және іскерлік әдебиет үлгілері бойынша топтастыру қажет», – деді сенатор. Біле жүріңіз, күні бүгінге дейін «Рухани жаңғыру» бағдарламасының  «Жаңа  гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында 2017 жылдан бері 77 оқулық аударылып, оқу орындарына таратылды. Қалған 23 оқулықты аудару, басу және тарату жұмысы жыл соңына дейін аяқталады. 

Қанат Махамбет 

Толығырақ:https://inbusiness.kz/kz/last/100-zhana-okulyk-zhobasyn-zhana-bilim-degen-ataumen-zhalgastyru-usynyldy?fbclid=IwAR1BwsiFpNJWtRv0C21qrM2B1UPVH0csC-5PHtaAWN8G6qlwOqCpg-ZGM-E