LIST OF BOOKS
Автор: Кристофер Балм
ISBN-10: 0521672236
ISBN-13: 978-0521672238
Тілі: ағылшын
Баспа: Cambridge University Press
Басылым жылы: 2008
Бет саны: 244
Аннотация:
Жаңа Зеландияда дүниеге келіп, Мюнхенде (Германия) ғалым ретінде қалыптасқан театртанушы Кристофер Балмның «Театртану» еңбегі осы саланы академиялық университеттік пән ретінде оқытуға арналған. Автор әдіснама, зерттеу әдістері мен тәсілдері мәселелеріне назар аударады. Кітаптың кіріспесі және 3 бөлімі, 12 тарауы бар. Жалпы арнайы пән пайда болғанға дейін театртанудың негізгі бөлігін Еуропа драмасының «алтын ғасырын» және классикалық Грекия, Шекспир, Мольер немесе Веймар классицизмі драматургиясын зерттеумен айналысқан әдебиет зерттеушілері қарастырды. Кейінгі жылдары бұл салаға бел шеше кіріскен зерттеушілер «Театртануды» жеке гуманитарлық пәнге айналдыра білді. Кітап театр тәжірибелерін түрлі мәдени және тарихи астар арқылы түсіндіруге арналады. Театрдың аса күрделі табиғаты мен оны түрлі көзқарас бойынша зерттеу мүмкіндігін көрсету де басты бағдар ретінде алынған.
Кітап өнертану бағытында білім алып жатқан студенттерге, магистранттарға және осы саланы зерттеушілерге арналған.