LIST OF BOOKS
Авторы: Жиль Делёз
ISBN-10: 2707306592
ISBN-13: 9782707306593
Тілі: француз
Баспа: Editions de Minuit
Басылым жылы: 1983
Бет саны: 297
Алғашқы басылымы: 1983
Аннотация:
Француз философы Жил Делөз (1925–1995) «Кино 1. Қозғалыс-бейне» және «Кино 2. Уақыт-бейне» атты екі томдық еңбегінде кино тарихын емес, кинодағы бейнелер мен семиотикалық белгілерді философиялық тұрғыда зерделеп, қозғалыс, кеңістік, уақыт және бейне сынды іргелі ұғымдарға бойлауға мүмкіндік беретін кино логикасына терең талдау жасайды. Ол дәстүрлі түсініктер аясынан шығып, киноны терең таным тұрғысынан айшықтау арқылы ішкі дүниесін пайымдауға бағыттайды. Оның көзқарасы бойынша әрбір фильм – философиялық шығарма. Осы орайда Анри Бергсонның «Материя және жад» еңбегіне сүйене отырып, кино теоретиктерімен пікірталасқа түсу арқылы кадр, план, кадрлау, кадрға бөлу және монтаж тәсілдерінің философиялық негізін анықтайды. Киноны философиялық ойлау деңгейіне көтеретін қозғалыc-бейне, сезім-бейне, әрекет-бейне, қабылдау-бейне және т.б ұғымдарды енгізеді. Сол арқылы жаңа технологиялармен бірге өзгерген қазіргі заманғы адам болмысын, оның қабылдау үлгілерін кеңінен қарастырады.
Бұл еңбек өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап кино өнеріне талдау жасауда кең айналымға түсті және кино теориясына да, кино сынына да зор ықпал етті. Әлемнің көптеген жоғары оқу орындарында, кино академияларында маңызды теориялық еңбек ретінде оқытылып келеді.
Кітап кино саласының мамандарына, философтар мен мәдениеттанушыларға, жалпы оқырман қауымға арналған.