LIST OF BOOKS

Universities using this book:
  • University of Oxford
  • University of Cambridge
  • Harvard University
Әдебиет теориясы: Антология. 1-том

Авторлары: Джули Ривкин, Майкл Райан

ISBN-10: 1118707850

ISBN-13: 978-1118707852

Тілі: Ағылшын 

Баспа: Wiley-Blackwell

Басылым жылы: 2017

Бет саны: 1640

Алғашқы басылымы: 1997

Авторлар туралы:

Джули Ривкин – Коннектикут колледжінің (АҚШ) ағылшын тілі профессоры. Ол «Жалған позиция: Генри Жеймстің репрезентативті логика әдебиеті» (1996) атты еңбегінің авторы. Майкл Райанмен бірге «Әдебиет теориясы: практикалық кіріспе ( Wiley-Blackwell, 3-ші басылым, 2016) кітабын жазды. Майкл Райан Темпл университетінде (АҚШ) кино және медиа өнері профессоры. Бірнеше кітаптардың авторы. Екі роман, саясат пен мәдениет журналының бірлескен редакторы. 

Аннотация:

Бұл оқулық қазақ оқырмандарын әлемдік әдебиет теориясының тың зерттеу бағыттарымен таныстырады. Шығарманың мазмұнын ғана зерделеп қоймай, оны тілдік тұрғыдан талдаудың сан қырлы әдістерімен сараланған мақалалар – біздің сыншыларымыз бен оқырмандарымыз үшін де таптырмас үлгі. Оқулықта структурализм, постструктурализм, лингвистика, нарратология, феноменология, эмпирикалық зерттеулер бағытындағы құнды пікірлер мен тың көзқарастар топтасқан. Сонымен қатар бұл еңбекте телевизиялық сериалдарды талдаудың айрықша зерттеу тәсілдері де сөз болады.

Әдеби мәтіндерді қабылдау және шығармаларды теориялық тұрғыдан зерделеу, оқырманның әдеби талғамы, адамзат дамуындағы әдебиеттің алар орны да кеңінен зерделенеді.

Оқулық әдебиеттану мен лингвистика, сондай-ақ оларға іргелес гуманитарлық мамандықтардың студенттеріне,  магистранттары мен докторанттарына, философтар мен мәдениеттанушыларға, жалпы оқырман қауымға арналған.