LIST OF BOOKS
- University of Oxford
- Stanford University
- University of Cambridge
- Harvard University
- Princeton University
- University of California, Berkeley
- Brown University
- Columbia University
- Yale University
Авторы: Эдуард Уади Саид
ISBN-10: 0141187425
ISBN-13: 978-0141187426
Тілі: Ағылшын, орыс
Баспа: Penguin books
Басылым жылы: 2003
Бет саны: 396
Алғашқы басылымы: 1979
Автор туралы:
Эдуард Уади Саид – Колумбия университетінің салыстырмалы әдебиет пен ағылшын тілінің профессоры.
Аннотация:
Эдуард Уади Саид «Ориентализм» деп аталатын зерттеуінде ориентализмнің пайда болуын Еуропаның Орта және Таяу Шығыста ғасырлар бойы үстемдік етуімен байланыстырады. Батыстың Шығыс әлемін қабылдаудағы біржақты әрі үстірт көзқарасын сынға алып, жан-жақты талдау ұсынады. Кіріспеде автор ориентализмнің бір-бірімен тығыз байланысты ғылыми-академиялық, саяси және әлеуметтік, идеологиялық сипатына тоқталып, оны жасырын және айқын деген екі топқа бөледі.
Бұл кітап гуманитарлық білімге өзгеше ықпал жасап, постколониалдық зерттеулерге негіз салды. Автор еңбегінде бұл тақырыпқа арналған көп зерттеулер Шығыстың шынайы келбетін ашып көрсете алмайтынын, Шығыс әлемі жайлы кез келген ой белгілі бір сүзгіден өтіп барып жарияланатынын айтады. Дәлел ретінде Ұлыбритания, Франция, АҚШ ғалымдарының ориенталистік мәтіндерін мысалға келтіреді. «Батысқа өзін өзгелерден ерекшелеу үшін оған қарама-қарсы әлем керек болды. Батыс ол үшін Шығысты пайдаланды, өзіне тиімді түсінікті қалыптастыруға күш салды», – дейді автор.
Бұл ауқымды еңбек студенттермен қатар Батыс пен Шығысқа жаңаша қарағысы келетін барша оқырманға арналған.