LIST OF BOOKS
- University of Oxford
- Stanford University
- University of Cambridge
- Harvard University
- Princeton University
- Columbia University
- Yale University
- Moscow State University
Авторлары: Филип Т. Котлер Гари Армстронг
ISBN-10: 013449251X
ISBN-13: 978-0134492513
Тілі: Ағылшын
Баспа: Pearson
Басылым жылы: 2018
Бет саны: 736
Алғашқы басылымы: 1980
Автор туралы:
Филип Котлер – Нортуэстерн университеті, Келлог менеджмент мектебінің маркетинг профессоры.
Гари Армстронг – Солтүстік Каролина университетінің Кенан-Флаглер бизнес мектебінің құрметті профессоры.
Аннотация:
Филип Котлер мен Гари Армстронгтың «Principles of Marketing, Global edition» – «Маркетинг негіздері» оқулығы маркетингті жоспарлау процесінен бастап, тұтынушы мен сатушы арасындағы байланысты түбегейлі, егжей-тегжейлі қарастырады. Бұл іргелі еңбекте әр жылы жаңа пайда болған трендтер мен процестер сараланып, толықтырылып, қайта жазылған. Қазақ тіліне кейінгі 17-басылымы аударылып отыр.
Тұтынушы үшін құндылық қалыптастыру, тұтынушы тарту, оны ұстап тұру, тұтынушыны қандай да бір брендтің клиентіне айналдыру жолдары мен тәсілдері, әлемдегі, елдегі, қала берді қала мен аудандағы оқиғалар мен өзгерістерге ілесіп отыру, оларды өз пайдасына жарату, соған бейімдеп кампания ұйымдастыру, нәтижесін қадағалау – маркетолог жұмысының әр сатысы, әр қадамы нақты мысалдармен, кейстермен бекітіліп сипатта- лады.
Кітап экономика, маркетинг, менеджмент, қаржы мамандықтарында оқитын студенттерге, оқытушыларға, осы тақырыпқа қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған.