LIST OF BOOKS
- Moscow State University;
- University of Oxford;
- Stanford University
- University of Cambridge
- Harvard University
- Princeton University
- Columbia University
- Yale University
Авторы: Юрий Лотман
ISBN: 5-210-01488-6
Тілі: Орыс
Баспа: Искусство - СПБ
Басылым жылы: 2010
Бет саны: 704
Алғашқы басылымы: 2000
Автор туралы:
Юрий Лотман — кеңестік және эстониялық әдебиеттанушы, мәдениеттанушы, семиотик. Лотман – Кеңес ғылымындағы әдебиет және мәдениет саласын зерттеуде құрылымдық-семиотикалық әдісті жасаушылардың бірі, Тарту-Мәскеу семиотикалық мектебінің негізін қалаушы. Британ академиясының корреспондент мүшесі (1977), Норвегия ғылым академиясының мүшесі (1987), Швед корольдік академиясының академигі (1989) және Эстония ғылым академиясының мүшесі.
Аннотация:
«Семиосфера» – Ю.М. Лотманның семиотика теориясы мен методологиясын, семиосфера құрылымы мен ерекшеліктерін нақты мысалдармен түсіндіретін жетінші еңбегі. Бұл кітап оны Мәскеу – Тарту семиотика мектебі мен универсал семиотика теориясының негізін салушы ретінде әлемге танытты. Автор оқулықта тілдердің жойылып кетпеуі мен үнемі қолданыста болуы үшін қажет коммуникация алғышарттарына тоқталады. Семиотика кеңістігін түгелдей бүтін бір жүйе немесе ағза ретінде қарастыруды ұсынады. Сонымен қатар, семиосфераны сипаттайтын белгілерді, олардың қызметін, семиотикалық процестер мен семиозис құбылысын түсіндіріп өтеді. Семиосфераның ішкі құрылымы және заңдылықтарын, өзге де семиотикалық құбылыстарды жатық тілмен жеткізеді.
Кітаптағы монографиялар («Мәдениет және жарылыс», «Ойшыл әлемдер ішінде»), әр жылдары жарық көрген мақалалар бүгінгі таңда қайтадан ғылыми қолданысқа еніп, гуманитарлық білім мамандары үшін бағалы дүниеге айналды.
«Семиосфера» студенттер мен педагогтарға, мәдениет тарихшыларына, тіл мен әдебиет мамандарына және мәдениеттің сан қатпарлы құбылыстарына қызығушылық танытатын барлық зерттеушілер қауымына арналған.