Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Рауан Кенжеханұлын қабылдады
02 октября 2020 г.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында оқулықтардың қазақ тіліне аударылуы туралы баяндалды. Рауан Кенжеханұлының айтуынша, бұл жоба жыл аяғына дейін аяқталады. Жалпы 100-ден астам оқулық аударылған.
Кездесу барысында балалар арасындағы суицидтің алдын алу мәселесіне, білім берудің онлайн-платформасын дамытуға, сондай-ақ, аударма және терминология салаларына қатысты мәселелер талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы аталған мәселелердің маңызды екенін атап өтіп, мүдделі мемлекеттік органдарға үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, оларды пысықтауды тапсырды.