Перечень книг

История западной философии

Автор: Бертран Рассел

ISBN-13: 9780671201586 

Язык: английский 

Издательство: Simon & Schuster/Touchstone 

Год издания: 1972 

Количество страниц: 895

Аннотация:

Б. Рассел – ХХ ғасырдағы аса көрнекті ойшылдардың бірі, философ, математик, тарихшы және Нобель сыйлығын иеленген жазушы. Оның Еуропа ой-дүниесінің ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі дамуын зерделеген «Батыс философиясының тарихы» атты кітабы – әлемнің көптеген тілдеріне аударылған танымал еңбек. Үш кітаптан тұратын зерттеу антика дәуіріндегі рационалды ойдың қалыптасуынан бастап, Сократ, Платон, Аристотельден, Аугустин, Руссо, Кант, Шопенгауэр, Ницше, Маркс, Дьюиге дейінгі философтардың доктриналарына терең талдаулар жасайды. Автор бұл еңбегінде әр ойшылды өскен ортасымен сабақтастыра қарастырып, философияға тән ұғымдар, ілімдер, көзқарастармен қатар, рухани ізденістерге ықпал еткен тарихи үдерістерді де тартымды баяндайды. Еркін пікірталас дискурсы тұрғысынан жазылған кітап гуманитарлық білім саласын зерттеуші мамандарға, философтар мен мәдениеттанушыларға, сондай-ақ көпшілік оқырман қауымға арналған.