Перечень книг

Әдебиет теориясы: Антология. 4-том

Авторлары: Julie Rivkin, Michael Ryan
ISBN-10: 1118707850
ISBN-13: 978-1118707852
Тілі: Ағылшын 
Баспа: Wiley-Blackwell
Басылым жылы: 2017
Бет саны: 1640
Алғашқы басылымы: 1997
Авторлар туралы:
Джули Ривкин – Коннектикут колледжінің (АҚШ) ағылшын тілі профессоры. Ол «Жалған позиция: Генри Жеймстің репрезентативті логика әдебиеті» (1996) атты еңбегінің авторы. 
Майкл Райанмен бірге «Әдебиет теориясы: практикалық кіріспе ( Wiley-Blackwell, 3-ші басылым, 2016) кітабын жазды. 
Майкл Райан Темпл университетінде (АҚШ) кино және медиа өнері профессоры. Бірнеше кітаптардың авторы. Екі роман, саясат пен мәдениет журналының бірлескен редакторы. 
 

Бұл оқулықта ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазірге дейінгі әдебиет теориясының қалыптасуы, даму бағдары және оған ықпал еткен факторлар туралы жан-жақты түсінік беретін америкалық және еуропалық ғалымдардың эсселері топтастырылған. Олардың еңбектері бүгінгі қоғамдық, гуманитарлық және жаратылыстану пәндерінің арасындағы байланысты сан алуан қырынан қарастырып, аффект теориясы (С.Томкинс, И.Седжуик, Л.Берлант, Б.Массуми, С.Ахмед), нарративті эмпатия теориясы (С.Кин), когнитивті метафора теориясы (Дж.Лейкофф, М.Джонсон), когнитивті поэтика (Р.Цур, М.Тернер, Э.Сполски, Э.Харт), эволюциялық әдебиет теориясы (Дж.Кэрролл, Б.Бойд, Н.Истерлин, Дж.Готтшолл), репрезентативті емес теория (Н.Трифт), әрекетшіл желі теориясы (Б.Латур), киберфеминизм мен «жаңа материализм» теориясы (Д.Харауэй, Дж.Агамбен) жөнінде кеңінен сөз етеді.

Антологияға енген мақалалар жиынтығы көркем әдебиеттің мазмұны мен құрылымын, жанрлық сипатын, көркем шығармаларды аудиторияның қабылдау ерекшеліктерін қайтадан пайымдауға, билік пен идеология табиғатын, этносаралық қарым-қатынастарды, халықаралық байланыс саласындағы жаңа тұжырымдарды, әлемдегі постотарлық ахуалды тыңнан зерделеуге жол ашады. 

Оқулық әдебиеттану мен лингвистика, сондай-ақ оларға іргелес гуманитарлықмамандықтардың студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына, философтар мен мәдениеттанушыларға, жалпы оқырман қауымға арналған.