КІТАПТАР ТІЗІМІ
- Harvard University
- Oxford University
- Cornell University
Авторлар: Ли Энн Пек, Гай С. Рил
ISBN-10: 1506315291
ISBN-13: 9781506315294
Тілі: Ағылшын
Баспа: CQ Press, an imprint of SAGE Publications
Басылым жылы: 2017
Бет саны: 354
Алғашқы басылымы: 2012
Авторлар туралы:
Ли Энн Пек – Грили қаласындағы Солтүстік Колорадо университеті Коммуникация мектебінің журналистика және медиа зерттеулер профессоры. Ол ағылшын журналистикасы және коммуникация курстарынан сабақ береді. UNC университетіне ұстаздық қызметке орналаспас бұрын Швейцарияның Лугано қаласындағы Франклин университетінде халықаралық коммуникациялар департаментінің ассистент профессоры болды. Оның зерттеулері студенттердің этикалық шешім қабылдауының тиімді жолдары қарастырады.
Гай С. Рил – Оңтүстік Каролинаның Рок-Хилл қаласындағы Уинтроп университетінің бұқаралық коммуникация профессоры. Мемфис қаласындағы (Теннесси штаты) The Commercial Appeal басылымында тілші және редактор қызметтерін атқарған. Журналистикадағы проблемалар мен коммуникация тарихы туралы еңбектер жазған Рил журналистика және бұқаралық коммуникация бойынша сабақ береді.
Аннотация:
Бұл кітап студенттер мен жас мамандарға бұқаралық ақпарат құралдары саласында кездесетін этикалық мәселелерді шешу жолдарын көрсетуге арналған. Еңбекке жарнама, жаңалықтар, қоғамдық қатынастар саласында жұмыс істейтін жас мамандар тап болған күрделі мәселелер мен шынайы оқиғалар арқау болған. Әрбір жағдаят кеңінен баяндалып, қатысушылар әрекеті арқылы жан-жақты ашылып көрсетіледі. Сондықтан оқырман «Мұндай жағдайда мен не істер едім?» – деген ой үстінде болады. Кіріспе материалда философиялық толғамдар мен теориялық тұжырымдарға, моральдық мәселелерге де орын берілген. Кітап – студенттердің теориялық білімдерін тәжірибемен оңтайлы ұштастырып, өмірде кездесетін тосын, күрделі мәселелерден жол тауып шығуға баулитын тағлымды еңбек.