КІТАПТАР ТІЗІМІ

Panorama: Дүниежүзі тарихы, 2-кітап

Авторлары: Рос Данн, Лора Митчелл

ISBN-10: 0073407046

ISBN-13: 978-0073407043

Тілі: Ағылшын

Баспасы: McGraw-Hill Education

Басылым жылы: 2015

Бет саны: 944

Алғашқы басылымы: 2015

Авторлар туралы: 
Росс Данн – Сан-Диего мемлекеттік университетінің оқытушысы, тарих профессоры.
Лора Дж. Митчелл – Калифорния университетінің доценті.

Аннотация:

Адамзат пайда болғаннан бастап бүгінгі күнге дейінгі дүниенің тарихи жолын кең ауқымда сипаттайтын бұл оқулық «Panorama: Дүниежүзі тарихы» («Panorama a World History») деп аталады. Кітап Homo sapiens өкілінің жетілу, өсіп-өркендеу жолынан басталып, ХVI ғасырға дейінгі кемелдену тарихын толық қамтыған. Әр бөлімде адамзат тарихының кең шалқары кезең-кезеңімен суреттеледі. Адамзаттың дамуын, дүниежүзін игеруін, ықпалды мемлекеттер құруының көне дәуірден басталған қилы кезеңдерін жан-жақты зерттеп, бұлтартпас тарихи деректерді сөйлете отырып сипаттайды.

Өткенін електен өткізіп, түп-тұқияннан басталған тарихын кең ауқымда білгісі келген оқырман кітаптан адамзат тарихына қатысты тың және соны деректерді молынан кездестіреді. Тарих ғылымындағы жаңа терминдер де дүниежүзі тарихына қызығатын оқырманға пайдалы болады деп сенеміз. Кітап құрылымындағы жалқыдан жалпыға және жалпыдан жалқыға алма-кезек ауысып отыратын тарихи оқиғалар желісі кітаптың ғылыми-танымдық өрісін кеңейте түседі.

Кітап – ең алдымен, ЖОО студенттеріне арналған. Тарихи танымы мен пайымын тереңдетіп, дүниежүзі тарихын зерттеп-білгісі келетін жалпы оқырманға да оқулықтың берері мол.