КІТАПТАР ТІЗІМІ
Авторлары: Мэри Коннолли, Луиза Хармс, Джейн Мэйдмент
ISBN-13: 9780190308728
Тілі: ағылшын
Баспасы: Oxford University Press
Жылы: 2017
Бет саны: 335
Аннотация:
Әлеуметтік жұмыстың контексі мен теорияларын жан-жақты талдап, таразылайтын оқулық «Әлеуметтік жұмыс: контексі мен практикасы» (Social Work: Contexts and Practice) деп аталады.
Бұл еңбек Австралия мен Жаңа Зеландиядағы әлеуметтік жұмыстың практика теориялары, әлеуметтік қызметкер мен клиент арасындағы байланыс түрлері, әлеуметтік жұмыс практикасында кездесетін заңдар және олардың қолданылу ерекшелігі, әлеуметтік жұмысқа бағытталған саясат, әлеуметтік қызмет көрсетуде басшылыққа алынатын философиялық-рухани қағидалар туралы баяндайды. Байырғы халықтардың мәдениеті мен өмір сапасының басты қағидаларын басшылыққа алатын әлеуметтік жұмыс практикасы құндылыққа ие екенін көрсетеді. Әлеуметтік жұмыстың мәдени аспектілері, билікпен байланыс, отаршылдық тарихы, Австралия мен Аотеароа – Жаңа Зеландияның байырғы халқына қатысты жүргізілетін әлеуметтік жұмыс туралы талдау – бұл кітаптың артықшылығы деуге болады. Осы және алдыңғы басылымда кітап авторлары Мэри Коннолли, Луиза Хармс пен Джейн Мэйдмент көтерген Транс-Тасмания болашағы туралы мәселелер оқырман үшін ерекше қызық болатынына сенімдіміз.
Кітап әлеуметтік қызметкерлерге, осы сала студенттері мен магистранттарына, сондай-ақ әлеуметтік жұмысқа қатысы бар барлық сала мамандарына арналады.