КІТАПТАР ТІЗІМІ
Авторы: Джеймс Э. Андерсон
ISBN-13: 978-1285735283
Тілі: ағылшын
Баспасы: Cengage Learning
Жылы: 2014
Бет саны: 384
Аннотация:
Мемлекеттік саясаттың негіздеріне арналған бұл еңбек саясат қалыптастыру жəне заң дайындау процесіне ден қояды. Кітапта мәселені анықтауға, күн тəртібін белгілеу мен мемлекеттік саясатты қалыптастыруға түрлі факторлардың қалай əсер ететіні сараланады. Əр тарауда негізгі ұғымдар мен идеялар қарастырылып, олардың қалай қолданылатыны нақты мысалдар негізінде талданған.
АҚШ-тың мемлекеттік саясатындағы процестерге басымдық берген бұл басылымда экономикалық дағдарыс жағдайында шешім қабылдау мәселесі, сондай-ақ, мемлекеттік саясатты қалыптастырудағы Обама əкімшілігі мен Буш əкімшілігінің ерекшеліктері салыстырылады. Оқулық саясаттану мамандығын таңдаған студенттерге және мемлекеттік саясат туралы тереңірек білгісі келетін көпшілік оқырманға арналған.