КІТАПТАР ТІЗІМІ

Саясаттану

Авторы: Эндрю Хейвуд

ISBN-10: 135200545X 

ISBN-13: 978-1352005455 

Тілі: ағылшын

Баспасы: Red Globe Press 

Жылы: 2019 

Бет саны: 502

Аннотация:

Саяси ғылымға кіріспе бойынша үздік оқулық саналатын Эндрю Хейвудтың «Саясаттануы» «саясат» ұғымы мен құбылысы туралы түсінік және саясаттану жөніндегі қарама-қайшы көзқарастарға сипаттама береді. Автор саяси идеяларды негізгі идеологиялар тұрғысынан қарастыра отырып, мемлекеттің саясаттағы рөліне, легитимдіктің маңызына, мемлекеттің басқару жүйелеріне, ұлтшылдықтың негізгі теорияларына тоқталады. Саясаттағы өзара байланыс – саясат пен экономика,
мәдениет пен қоғам арасындағы қарым-қатынасқа; сондай-ақ мемлекеттік басқару механизмдері мен процестеріне, ішкі және халықаралық саясаттың түйісуі және жаһандық саясат мәселелеріне талдау жасалады. ХХІ ғасырдағы әлемдік саяси тәртіптің өзгеруі, жаһандық басқару және оның тиімділігі, дәстүрлі саясаттың кемшіліктері баяндалады.

Бүгінгі саясат пен саясаттануға кіріспе ретінде жан-жақты мағлұмат беретін оқулықтың осы бесінші басылымы саясаттану бөлімінде оқитын студенттерге, сондай-ақ осы пәнге қызығушылық танытушы оқырманға арналған.