КІТАПТАР ТІЗІМІ
Авторы: Томас П. Касулис
ISBN-13: 9780824869793
Тілі: ағылшын
Баспасы: University of Hawaii Press
Жылы: 2017
Бет саны: 784
Аннотация:
Америкалық танымал ғалым Томас П. Касулистің бұл еңбегінде жапон философиясының ежелгі дәуірден бүгінге дейінгі тарихы хронологиялық ретпен баяндалған. Автор жапон философтарын, олардың еңбектері мен теорияларын әр дәуірдің өзіндік ерекшеліктеріне және түсініктерімен ұғымдарына сипаттама бере отырып таныстырады. Кітапта жапон философиясына халықаралық қарым-қатынастың, тарихи оқиғалардың, елдегі ертеден-ақ негізі қаланған мектептер мен академиялардың, дін мен саясаттың тигізген ықпалы ғылыми тұрғыдан зерделеніп, дәйекті тұжырымдар жасалды. Сондай-ақ автор Күншығыс елі философиясы мен Батыс әлемі философиясының өзара сабақтастығы жайындағы пікірталастарды талдап, саралайды.
Оқулық жоғары оқу орны студенттеріне, магистранттар мен докторанттарға, оқытушыларға және философия тарихына қызығушы көпшілік қауымға арналған.