КІТАПТАР ТІЗІМІ
- University of Cambridge
Авторы: Роберт Ф. Трагер
ISBN-10: 1107627125
ISBN-13: 978-1107627123
Тілі: Ағылшын
Баспа: Cambridge University Press
Басылым жылы: 2017
Бет саны: 318
Алғашқы басылымы: 2017
Автор туралы:
Роберт Ф. Трагер – Лос-Анджелестегі Калифорния университетінің саяси ғылымдар профессоры. Оның еңбектері American Political Science Review, American Journal of Political Science, Journal of Politics, International Organization, International Security және Security Studies сынды журналдарда жарияланды.
Аннотация:
Роберт Трагердің бұл кітабында дипломатиялық амал-тәсілдердің халықаралық қатынастар жүйесіндегі рөлі қарастырылады. Автор жабық есік жағдайындағы әңгімелесудің халықаралық тәртіп орнату мен соғыстардың басталуына қалай түрткі болатынын ойын теориясына сүйеніп, нақты тарихи мысалдар көмегімен ашып көрсетеді. Кітаптың басты зерттеу нысаны – «құпия дипломатия» және оның механизмдері.
Бұл еңбекке Британ империясының көпжылдық дипломатиялық байланыстар тарихынан сыр шертетін «Құпия жазбалар» деген атпен белгілі мұрағат деректері арқау болған.
"Дипломаттар мен мемлекет басшылары өз одақтастары мен қарсыластарының ниет-пиғылы, мүддесі мен жоспары туралы қалайша ой түйеді?" деген сұраққа автор айрықша мән берген. Бұл зерттеудің теориялық-эмпирикалық әдістемесінен туындаған тұжырымдардың оқырманға ой салары сөзсіз.