КІТАПТАР ТІЗІМІ
- University of Oxford
- University of Cambridge
- Harvard University
Авторы: Ник Уилтон
ISBN-10: 1473954193
ISBN-13: 978-1473954199
Тілі: Ағылшын
Баспа: SAGE Publications
Басылым жылы: 2016
Бет саны: 520
Алғашқы басылымы: 2010
Автор туралы:
Ник Уилтон – Батыс Англия университеті Бизнес және құқық факультетінің жұмыспен қамту және сыртқы қатынас жөніндегі директоры.
Аннотация:
Кез келген ұйымның басты байлығы – адам ресурсы. Ұйым қызметінің нәтижелі болуы, табысқа жетуі де осы ресурсты қалай басқарып, қалай бағыттап, ынталандырып отыруына байланысты. Адам ресурстарын басқару – HR-менеджменттің табыстылығы әр қызметкерді тұтас механизмнің бір бөлшегі ғана емес, жеке адам, құндылықтары, мінезі, өмірлік тәжірибесі, арманы мен мақсаты бар дара тұлға деп қабылдаудан басталады.
Қызметкерді жұмысқа қабылдаудан бастап, оның қызмет бабымен өсуі, ұйымның дамуына, табысқа жетуіне үлес қосуы, осы жолда бар білімі мен тәжірибесін пайдалануы, оқуы, жетілуі, дамуы – психология, әлеуметтану және менеджмент тоғысындағы ілімнің зерттеу нысаны.
Ник Уилтонның «HR-менеджментке кіріспе» (An Introduction to Human Resource Management) оқулығы – осы ілімнің шымылдығын ашатын, ұйымдардағы HR-менеджердің қызметіне бағыт беріп, әр қадамын зерделейтін іргелі еңбек. Қазақ тіліне бұл оқулықтың 3-басылымы аударылып отыр. Кітап менеджмент мамандығында білім алатын студенттерге, оқытушыларға, жалпы оқырман қауымға арналады және қазақ тіліндегі MBA курсының негізгі оқулықтарының бірі ретінде ұсынылады.