КІТАПТАР ТІЗІМІ

Бұл кітапты пайдаланушы университеттер:
  • University of Oxford
  • University of Cambridge
  • Harvard University
Халықаралық бизнес: Жаһандық нарықтағы бәсеке

Авторлары: Чарльз У. Л. Хилл, Г. Томас М. Халт

ISBN-10:1260390071

ISBN-13: 978-1260390070

Тілі: Ағылшын

Баспа: McGraw-Hill Education

Басылым жылы: 2018                          

Бет саны: 704

Алғашқы басылымы: 1992

Авторлар туралы:

Чарльз У.Л. Хилл – Вашингтон универ­ситеті Фостер Бизнес мектебінің профес­соры.

Доктор Томас Халт –  маркетинг және халықаралық бизнес профессоры.

Аннотация:

«Халықаралық бизнес: Жаһандық нарықтағы бәсеке» оқулығы тұңғыш рет қазақ тіліне аударылды. Бұл –  «Халықаралық бизнес» оқулығының 12-басылымы. Оқулықта халықаралық нарықтағы бәсекенің қыр-сыры терең зерттеліп, жаһандық және аймақтық мәселелер тең дәрежеде қарастырылған. Жаһандық капитал нарығының тарихы, әлемдік нарықтағы құқықтық жүйенің қызметі, жаһандық сауда және инвестиция ағындары, халықаралық бизнестің құрылымы мен стратегиясы, қаржы менеджменті, халықаралық бизнес функциялары егжей-тегжейлі талқыланған. Осы тақырыптар әр тарауда кейстермен толықтырылып, теория мультиұлттық компаниялар тәжірибесімен өрнектелген. Ең бастысы, оқулық халықаралық бизнестегі кәсіпорындарға ұтымды стратегиялық шешімдер ұсынады. Бұл – болашақта халықаралық бизнеске араласатын студенттер үшін таптырмас оқу құралы. Оқулық экономика, халықаралық қатынастар, халықаралық бизнес, саясаттану мамандықтарының студенттері мен оқытушыларына, экономика тақырыбында жазатын журналистерге, осы салаға қызығатын қалың оқырманға арналған.