КІТАПТАР ТІЗІМІ

Бұл кітапты пайдаланушы университеттер:
  • University of Oxford
  • University of Cambridge
  • Harvard University
Әдебиет теориясы: Кіріспе

Авторы: Майкл Райан

ISBN-10: 111906175X

ISBN-13: 978-1119061755

Тілі: Ағылшын

Баспа: Wiley-Blackwell

Басылым жылы: 2017

Бет саны: 304

Алғашқы басылымы: 1998

Автор туралы:

Майкл Райан – АҚШ-тағы Темпл университетінде Кино және Медиа өнері профессоры. Бірнеше кітаптың, екі романның және Politics and Culture журналының тең редакторы. Джули Ривкинмен бірге Әдебиет теориясы: практикалық кіріспе кітабының (Wiley Blackwell, 3-басылым, 2016) авторы.

Аннотация:

Бұл оқулықта әлемдік әдебиеттану ғылымының өзекті тақырыптары саналатын – орыс формализмі,  жаһандану, таным, эмоция, эволюция, әдебиет сыны мен теориясының мақсаттары және олардың нейробиологиямен қарым-қатынасы сияқты аса ауқымды теориялық ұғымдар кеңінен және терең сараланған. Еңбек құрылымы америкалық және орыс формализмінен басталып, хронологиялық, эвристикалық сипатта берілген. Жаңашылдықты басты мақсат еткен ғалымдар осы кезге дейін жүйелі әңгіме арқауы болмаған өзекті мәселелерді молынан қамтып, іріктеп топтастырған.

Кітапта структурализм, постструктурализм бағыттары зерделенеді. ХХ ғасырдың 50–60-жылдары туындап, 70-жылдары дами түскен ағымның негізгі өкілдері – М.Фуко, Ж.Бодриар, Ж.Деррида, Л.Альтюссер, Ю.Кристева, Ж.Лакан, Р.Барт, Ж.Делөз, Ж.Лиотарлар әдебиет, саясат, лингвистика, философия, мәдениет салаларына жаңа леп әкелу мақсатында философиялық әрі әдіснамалық дүниетаным ретінде постструктурализм сынына ерекше көңіл бөлді. Әдебиеттанудың осындай өзекті мәселелері көрнекті шығармалар мысалында талданып, жаттығуларымен қоса берілген.

Оқулық әдебиеттану мен лингвистика, сондай-ақ оларға іргелес гуманитарлық мамандықтардың студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына, философтар мен мәдениеттанушыларға, жалпы оқырман қауымға арналған.