КІТАПТАР ТІЗІМІ

Бұл кітапты пайдаланушы университеттер:
  • Harvard University
  • Oxford University
Медиа және журналистика: теория мен практикаға жаңа көзқарас

Авторлары: Жейсон Бейнбриж, Никола Гок, Лиз Тайнан

ISBN-10: 0195588010

ISBN-13: 978-0195588019

Тілі: ағылшын

Баспа: Oxford

Басылым жылы: 2015

Бет саны: 504

Алғашқы басылымы: 2008

Авторлар туралы:

Жейсон Бейнбриж – Суинберн технологиялық университетінің профессоры, Медиа және коммуникация кафедрасының меңгерушісі. Медиа құқығы және бұқаралық мәдениет, мерчендайзинг, франчайзинг және жаңалықтар тарату сипатының өзгеруі туралы еңбектердің авторы.

Никола Гок – Тасмания университетінің журналистика, медиа және коммуникация кафедрасының аға оқытушысы. 2014 жылы Ұлттық дыбыс және кино мұрағатында ғылыми қызметкер ретінде мигранттар мәселесінің медиада көрініс табуы хақында зерттеу жүргізді. 

Лиз Тайнан – Таунсвиллдегі Жеймс Кук университеті (JCU) Жоғары зерттеу мектебінің аға оқытушысы, аспиранттарға академиялық жазу мен сыни ойлау дағдыларынан дәріс береді. Ғалым әрі кәсіби журналист. Ғылыми журналистика мен редакциялау бойынша мерзімді баспасөзде және электронды медиада көп жыл еңбек еткен. 

Аннотация:

«Медиа және журналистика: теория мен практикаға жаңа көзқарас» – кәсіби журналистиканың қалыптасу тарихынан бастап, қоғамның қозғаушы күшіне айналған медиа cаласындағы соны өзгерістерді талдаған құнды еңбек. Әлемнің озық жоғары оқу орындары таңдаған кітаптың үшінші басылымы медиа мен журналистиканың өзара байланысына қызығушылық танытқан кез келген оқырман көңілінен шығады.

Кітап тілі қарапайым әрі қызықты. Оқулықта медиа мен журналистика ұғымының тарихы, медиаиндустрия өнімдері, медиаға анализ жасайтын тәсілдер, жаңалықты тарату жолдары және медиаконтент, қазіргі және келешек коммуникацияның толық анықтамалығы түзілген. Сондықтан жаңалықтар өндірісіндегі идея, ақпарат ағынын шолу, тарату, келіссөз жүргізу сынды процестердің қыр-сырымен танысып, журналистік зерттеудің маңызына көз жеткізуге болады.

Кітаптың басты құндылығы – медиа маманы болуға талаптанған студентті  немесе әуесқой блогерді журналистиканың негізгі принциптеріне баулиды. Ақиқатты айту, халықтың ақпаратты білу құқығын құрметтеу этикасынан бөлек медиа маман ретінде қоғам игілігіне адал қызмет ету жолдарын көрсетеді.