КІТАПТАР ТІЗІМІ
- University of Oxford
- Stanford University
- University of Cambridge
- Harvard University
Авторлары: Гэмбл Джон, Питереф Маргарет, Томпсон Артур
ISBN-10: 1259546985
ISBN-13: 978-1259546983
Тілі: Ағылшын
Баспа: McGraw-Hill Education
Басылым жылы: 2017
Бет саны: 496
Алғашқы басылымы: 2008
Авторлар туралы:
Джон Гэмбл – менеджмен саласының профессоры.
Артур Томпсон – экономика ғылымдарының докторы.
Маргарет Питереф – Дартмут колледжіндегі Так бизнес мектебінің профессоры.
Аннотация:
«Essentials of Strategic Management: The Quest for Competitive Advantage» – «Стратегиялық менеджмент негіздері: бәсекелік артықшылыққа ұмтылу» оқулығы стратегиялық менеджмент принциптері мен талдау тәсілдеріне концептуалдық тұрғыда маңызды әрі мазмұнды әдістеме жасап ұсынған. Студенттерді қазіргі заманғы стратегиялық менеджменттің қыр-сырына баулитын ең озық түрлеріне, үздік әдіс-тәсілдеріне жан-жақты талдау, зерттеу жүргізеді. Кітапта жалаң мәтін жоқ, әр курс мәселені талқылауымен, өзекті мысалдар келтіруімен мәнді. Әлемге әйгілі компаниялардың тыныс-тіршілігінен маңызды, қызықты мысалдар беріледі.
Түрлі жаттығулар студенттердің алған теориялық білімін пысықтайды, симуляциялық ойын тәжірибесі студенттердің курсқа деген ынта-ықыласын арттырады. Кітапта теория мен практика бөле-жара қарастырылмайды, екеуі бірін-бірі толықтырып, оқулықтың мазмұнын байытқан.
5-басылым академиялық салада, менеджмент тәжірибесінде қолдануға лайық, оқытушыға арналған тың әдістеме ұсынады. Жалпы менеджмент саласына қызығатын оқырман үшін аса құнды, қажет еңбек. Сонымен қатар қазақ тіліндегі MBA курсының негізгі оқулықтарының бірі ретінде ұсынылады.