КІТАПТАР ТІЗІМІ
- Yale University
- Cambridge University
- Harvard University
- Oxford University
Авторы: Шо Малколм Н.
ISBN-10: 1316638537
ISBN-13: 978-1316638538
Тілі: Ағылшын
Баспа: Cambridge University Press
Басылым жылы: 2017
Бет саны: 1118
Бірінші басылым: 1991
Автор туралы:
Малколм Шо – король адвокаты (QC) – Essex сот палатасында тәжірибелі адвокат және Кембридж университетіндегі Lauterpacht Халықаралық құқық орталығында аға ғылыми қызметкер. Дүниежүзіндегі жетекші халықаралық заңгерлердің бірі, сонымен қатар, Халықаралық құқық институтының мүшесі (Associé of the Institut de Droit International), Британ халықаралық және салыстырмалы құқық институтының сенімгер басқарушысы, Сямень халықаралық құқық академиясы Кураториумының негізін қалаушылардың бірі.
Аннотация:
Бұл кітап – халықаралық құқық саласындағы ұғымдарға анықтама беріліп, түрлі құқық жүйелерінің өзіндік ерекшеліктері мен басты принциптері жан-жақты сипатталатын, халықаралық құқық тақырыбына арналған аса құнды оқулықтардың бірі. 12 тараудан тұратын екінші кітапта халықаралық құқықтағы юрисдикция, иммунитет, мемлекеттердің жауапкершілігі, мемлекеттердің мұрагерлігі, дауларды бейбіт шешу жолдары, шарттардың құқықтары мен міндеттері жөнінде мол мағлұмат қамтылған. Автор Халықаралық сот, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Қауіпсіздік Кеңесі мен басқа да халықаралық ұйымдардың құрылымы туралы мәлімет келтіре отырып, олардың қызметін нақты мысалдар арқылы баяндайды. Сегізінші басылымнан қазақ тіліне аударылған бұл оқулық заң факультетінің студенттеріне, халықаралық құқық саласын зерттеуші мамандар мен оқытушыларға, аталған ғылым саласына қызығушылық танытатын оқырман қауымға арналады.