Жаңа гуманитарлық білім
Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық
Президент мақаласы
"БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ"

Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым.

Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық.

Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.

Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақсат-міндеттері, басымдықтары мен оған жеткізетін жолдары бар. Мен көздеген жұмыстарымыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз.

Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады.

Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес.

Біз Тәуелсіздік кезеңінде бұл бағытта бірнеше ауқымды іс атқардық.

2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғырттық.

2013 жылы «Халық – тарих толқынында» бағдарламасы арқылы әлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап, зерттедік.

Енді осының бәрінен де ауқымды және іргелі жұмыстарды бастағалы отырмыз.

Мен еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы көзқарастарымды ортаға салуды жөн көрдім.

Толықтай оқу
Біздің басты міндетіміз:
100 КІТАП
Алдағы уақытта гуманитарлық бағыттағы әр тілде жарық көрген әлемнің 100 үздік оқулығын қазақ тіліне аудару.
ЖАҢА БІЛІМ
Тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану, лингвистика, антропология, дінтану, кәсіпкерлік, инновация, медиа, экономика, менеджмент ғылымдары саласынан студенттердің әлемдік озық үлгіде толыққанды білім алуына жағдай жасау.
Инновация
Авторлық құқық, заманауи инновациялық құралдар, оқу-әдістемелік бағдарламаларды ескеріп, аудармашы мамандар, профессорлық-оқытушылық құраммен бірлесе аударма саласында жаңа әдіс-тәсілдер қалыптастыру.
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Ұлттық контентті шет тілдерге аударып, әлемге таратып таныту.
Жаңа гуманитарлық білім.
Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық

Қадірлі әріптестер!

Құрметті достар!

    Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласында бізге инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсінетін білікті гуманиатарлық сала мамандары да ауадай қажет егендігін айтты. Тарих пен саясаттану, әлеуметтану мен философия, психология, педагогика, экономика, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге заманға лайық білім беруге қажетті жағдай жасау керектігін тапсырды.

    Осы міндетті іске асыруға мүмкіндік беретін негізгі тетік ретінде “Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық” жобасы қолға алынды.

    Аталған жоба аясында алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең үздік деген университет оқулықтары түрлі тілдерден қазақ тіліне аударылып, біздің студенттерге дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасалмақ.

    Бұл жұмыс үкіметтік емес және коммерциялық емес “Ұлттық аударма бюросы” деп аталатын қоғамдық қордың негізінде ұйымдастырылуда.

    Аударылатын кітаптарды таңдау үшін еліміздегі барлық оқу орындарынан ұсыныс жиналып, барлығы 800-ден аса оқулық атауы келіп түсті. Жинақталған тізімдердің негізінде бірнеше басыл көрген, соңғы басылымы соңғы 3 жылда шыққан, мазмұндық тұрғыдан бейтарап болуы қажет деген талаптарға сүйене отырып биылға 18 оқулық таңдалды.

Толықтай оқу
Жаңа кітаптар
Жобаға қатысу
Жобаға қатысып, отандық білімнің артуына өз үлесіңізді қосыңыз!
Аудармаға қатысу
Өтініш қалдыру
Аудармаға кітап ұсыну
Ұсыныс беру
Жаңалықтарға жазылыңыз